МАҚАЛА ЖАЗ ДА, ҚАЛАМАҚЫ АЛ!

03.04.2023

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті      Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл және қоғам» электрондық алманағы мен «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетеніне мақала жазған авторларға қаламақы төлеп келеді. Бұл, бір жағынан, күрмеуі күрделі мемлекеттік тілдің түйткілді мәселелеріне қалам тартқан авторларды қолдауды көздесе, екіншіден, аталмыш басылымдарға сапалы туынды жариялауға жол ашады.

«Тіл және қоғам», «Терминологиялық хабаршы» басылымдарына Алаш зиялыларының мұралары туралы зерттеу мақалалар мен қазақ тілін оқытудың әдістемесі мәселелері жөніндегі ойтолғамдарды, тіл мен қоғамның байланысы туралы танымдық мақалалар мен терминжасам, т.б. тақырыптарда жазылған ғылыми-публицистикалық мақалалар қабылданады.

Мақала жазып, қаламақы алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

 

ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
  • Бұдан бұрын ешқайда жарияланбаған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
  • Электронды журналдар «Tilalemi.kz», «Termincom.kz» сайттарында орналастырылады.

 

Жалпы ереже сілтемеде толық көрсетілген.

Электронды почта: a.serikbay@tilqazyna.kz

Байланыс телефоны: 8 (7172) 44-19-81, 87029767068

Comments (0)
Post a comment