ТІРЛІКТЕГІ ТЫМ МАҢЫЗДЫ СӨЗДЕРДІ ДЕ АҒАТ АЙТЫП ЖҮРМІЗ

04.04.2023

Бұл жазбаны жариялауға өткен жылы «Қазақ» газетінен табылған А.Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының жұбайларымен бірге жазған шағын көңіл айту хатындағы сөз қолданыс түрткі болды. Шын мәнінде күнделік тұрмыста қолданылатын сөздерді ғана емес, адам өмірі үшін аса маңызды болып табылатын кейбір атауларды ағат айтып жүрміз. Бүгінгі жазбамыз халықтың діни ұғымына тіке байланысты аса маңызды тілек сөздің бұрыстығы туралы болмақ.

О Дүниелік болған кісінің орны Бейіш (Жаннат) бола ма,Тозақ (Тамұқ) бола ма,оны ешкім білмейді. Пенденің Бұ Дүниедегі істеген жақсылы-жаманды амалдарына қарап,Жаратушы Алла О Дүниедегі кісінің мәңгілік орнын тұрақтандырады дейді шариғат. Жә, бұл жерде басын ашып алатын нәрсе мынау: Сонда,О дүниедегі кісінің мәңгілік өмір сүретіні Жаны ма, рухы ма? Жоқ, Жан мен рух бір нәрсе ме?Жан мен рух бір нәрсе екені шын болса, онда да "Жаны Жаннаттан болсын" деп айту дұрыс емес. Дұрысрағы,«Жаны Жаннатта болсын!». Әңгіме,осы жалғыз"н" дыбысындажатыр. Яғни бұлжерде біз"н"-ды қоспай айтуды құптаймыз. Бір сөзбенайтқанда,амал дәптері оңынан берілген бақытты кісінің жаны жаннатта болады. Жаныяғнирухы Бейіште (Жаннатта) мәңгілік өмірсүреді. Бұл жақсы сөздің «Рухы Бейіште шалқысын деген» де нұсқасы бар.Сондықтан,екі түрлі айтылып жүрген осы бір тілектіңмағынасын ажыратып тұрған "н" дыбысын қоспай айтуды ескеруіміз керек. Бұл жерде - Жаннатта сөзіндегі,"та" жатыс септігі болада да,"қайда" деген сұраққа жауап береді. Бұл жерде Жанның ендігі мекенжайы Жаннатта екені анық көрсетіледі. Яғни, көңіл айтушы адам қайтыс болған кісінің жаны енді сол Жаннат мекенінде болуын шын жүректен тілейді. Ееді, "Жаннаттан" дегендегі- тан шығыссептігі, ол "қайдан" деген сұраққажауапбереді.

– Жанықайданболсын?

–Жаны Жаннаттан болсын!

Бұлтым үйлесімдіайтылымемес екенікөзге анық ұрып тұр. Сол үшін, егер, "Жаны Жаннатта болсын" деп айтқымыз келсе, "н"-ды қосып жібермеуіміз керек. Алайда, бұл айтылым рух пен жанның мағынасы бір екенінғұламалар тұрақтандырғанда ғана дұрыс деп саналады. Дегенмен, адамның өзге жануардан өзгешелігі – Жан, тән, рух үшеуінен құралатынында. Бұл жерде тәнді жұрттың бәрі біледі. Ол жанның қонақтайтын уақыттық мекені ғана. Адамның тәні яғни денесі өзі қайтыс болғанда, қара жердің астына қалып, топыраққа сіңіп кетеді, оған талас жоқ.Әңгіме кісі өлгенде мұрнының ұшынан шығып кететін жан мен рух екеуі екі нәрсе болса, онда "Жаны Жаннатта болсын" деп айту тағы да сенімсіз айтылымболып шығады.Бұл жердегі түйткілді ғалымдар шеше жатар. Ал, біз сөйлеу тілі мен жазбаша мәтінді зерделеуші азамат ретінде тек тілдік тұрғыдан ғана пікір білдіріп отырмыз.

Енді, біз Жан мен Рух туралы біліміміз шамалыболғандықтан, осы екі айтылымнан да басқа бір нұсқасын дұрыс деп кесіп айтып көрсетпекшіміз.

Ол болса өткен кісінің «ЖАЙЫ ЖАННАТТАНБОЛСЫН» нұсқасы!Мен қара жер хабар бермесін, алда-жалда кісі қайтыс болса, баршамыздың осы нұсқаны қолдануларыңызды өтінемін. Бұл айтылымдыішінара адамдар бүгін де қолданып жүр. Осы айтылым нұсқасынқолданып кетсек, дау да, түйткіл де тумайды.

Біріншіден, бүгінге дейін ешкім де О Дүниеге барып келіп көрмегендіктен, Жаннатта болатын жан ба, рух па ешкім білмейді. Құдайға сену тұрғысынан әйтеу осы жан мен рухтың бірі немесеекеуі де, әлде осы екеуіне тән (дене) қайта қосылып, сол мекенде мәңгілік өмір кешетін шығармыз?!Мәселе, қалай болса да әйтеу бір Тәңіри тәсіл арқылы Жаннатта немесе тозақта (бетін ары қылсын) қайтыс болған кісі қайталай мәңгілік өмір сүреді яғни мекендейді екен. Ендеше, соншама көп сұрақтарға бас қатырмай-ақ,Бұ жалған дүниеден аттанған кісінің «ЖАЙЫ ЖАННАТТАН БОЛСЫН!» – деп айту ең дұрыс.

Екіншіден,жоғарыдағы көрсетілген, -тан, тен, дан, ден қосымшасы кейде заттың не құбылыстыңшыққанорнын ғанабілдірмейді де,нақты қонысын,мекенін де біліретіні бар. Бірақ,ол кезде алдындағы сөз нақты мағынаныайшықтай түседі. Бұл жағдайдабұлқосымшалар шығыс септік қызметін емес,нақты мекенді көрсетеді. Мысалы,Оның қонысы Алматыдан болды. Оған топырақАтажұртынан бұйырды. Мінеосысияқты,Олкісініңендігі жайы яғнимекеніЖаннаттанболсын деп айтуданешкімқателеспейді.

Ал,бізге бұлойқалайкелеқалды? Тағы даөткен ғасыр басындағы жазбаларғаүңіліп отырып,Ұлт ұстазының сөзіне жүгіндік.

Көптің есінде болса,өткен жылы біз «Бәдірисафа мен Ғайнижамал аналарымыздың көзіндей мұраны тауып алдым» деп бір мақалажазған едік. Мақала «Арқау» сайтында мына сілтемеде:

https://www.arqau.kz/kz/article/aaxmet-badirysafa-men-gaynyjamaldin-kozindey-murani-tauip-aldim.html#gsc.tab=0

Онда А.Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлысүйікті жарларымен бірге сол уақытта қайтысболған Рахима ханымның қазасынабайланысты жазғанкөңілайту хатын "Қазақ"газетінің 1917 жылғынөмірінен көшіріп жұртпен жүздестргенбіз.Алаш Орданың белді мүшесіРайымжанМәрсековқа арнап жазған сол көңіл айту хатында Ахаң мен Жахаң жұбайларымен бірге "Марқұмның жайын Жаннаттан" тілеген екен. Яғни Ахаңдар қайтыс болған кісінің жанын емес,жайын Жаннаттан тілейді. Көпшілікке түсінікті болуы үшін,сол шағын хаттың мәтінінтолықтай қайтаберейік:

Райымжан мырзаға һәм сүйікті анасынан жастай айырылған балаларына көңіл айтып, Марқұмның Алла тағала жайын жаннаттан нәсіп етсін деп тілейміз! Рахима ханым Райымжан мырзаға лайық жар-жолдас еді. Біз тілектес дос-жарларыңыз қайғыңызға ортақпыз!

Бәдірисафа

Ахмет

Ғаинижамал

Міржақып

(«Қазақ» газеті 1917 жылғы 23-ақпан күнгі № 219)

Міне,осы тұрғыдан алғанда да "Жайы Жаннаттан болсын! " деген нұсқаны бүкіл ұлттық деңгейде қолданысқа енгізуіміз керек. Біздің елдің сөзі Ахметті оқу,тану және Ахметтерше ойлау,жазу,сөйлеуді жүзегеасырған кездеғана түзеледі. Сөзімізді түзейік. Сөзімізді түзегеніміз – өзімізді түзегеніміз. "Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады".

 

Әділет Ахметұлы

Comments (0)
Post a comment