ӘРІПТЕСТІК КЕЗДЕСУ

06.04.2023

2023 жылғы 6 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директорының міндетін атқарушы Л.Есбосын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі Түленбергенова Назигүл Тұрысбекқызымен әріптестік кездесуге қатысты.

Орталықтың ғылыми қызметкері Марияш Дарменовадан кездесуде көтерілген нақты мәселелер туралы сұрағанымызда былай деп ой қорытты: «Бұл іскер бас қосуда, негізінен, мемлекеттік тілді оқытудың жәй-күйі туралы жан-жақты сөз болып, болашақта бірігіп атқарылар жұмыстар талқыланды. Сөз жоқ, арнаулы мамандардың қатысымен құрылған жоспар жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын. Басшылық тарапынан қызу қолдау тауып жатқаны көңіл қуантады. Қорыта айтқанда, қазақ тілін оқытумен тәжірибе жүзінде айналысып жатқан ұйымдармен бұлай тікелей қарым-қатынас орнатып, әркез тығыз байланыста жұмыс жасау екі жақ үшін де өте тиімді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғаса беретін болады».

Comments (0)
Post a comment