ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

12.04.2023

Бүгін Астана ІТ университетінде өткен жас ғалымдар кеңесінің отырысына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн қатысып, Ғылым күнімен құттықтады.

Келелі бас қосуға еліміздің әртүрлі аймағында орналасқан ғылыми зерттеу орталықтарымен қоса университеттерде ғылым саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер қатысты.

Кеңес төрағасы Еламан Айболдинов Жас ғалымдар кеңесінің даму перспективалары туралы айта келіп, былай деп ой түйді:

«Қазір ғылым саласындағы жастардың үлес салмағы артып келеді. Жас ғалымдарға қолдау көрсету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Жыл сайын 100 жас ғалым және 500 ғылыми қызметкерге тағлымдамадан өту гранты бөлінеді. Сондай-ақ, алдағы үш жылда осы саладағы инвестиция 3 есеге артатын болады. Дегенмен жас ғалымдарды ынталандыру ынтамен жүргізілсе де ғылым академиясындағы ғалымдардың орташа жасы 59 болып, әлі де жоғары көрсеткіш ұстап тұр».

Бұл ғылыми жиынға Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері Дана Оспанова мен Қарлығаш Қабай қатысты.

Comments (0)
Post a comment