ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

12.04.2023

2023 жылғы 12 сәуірде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін атқарушы Л.Есбосын ұжым мүшелерін Ғылым күнімен құттықтады.

«Ғылымның адамзат тірлігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналғаны даусыз ақиқат. Адамды адам ететін құдірет – тіл болса, тілдің өзі – өлі туынды емес, Гумбольдтша айтқанда, адам рухының қызметі, адам жанының тереңінен шығып, оның бүкіл болмысына тарайтын халықтық қуат. Ендеше ғылымның әлеуеті арқылы осындай құдіретке ие ана тіліміздің қуатын арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын. Баршаңызға шалқар шабыт, сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шығармашылық табыс тілеймін!», – деді Лиза Қожаққызы.

Бұдан кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құттықтау Грамотасын Орталықтың орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Төкенқызы мен ғылыми қызметкері Дана Оспановаға табыстады.

Comments (0)
Post a comment