«TERMIN TALQYLIKE» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

19.04.2023

2023 жылғы 19 сәуір күні сағат 15.00-де Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Тіл-Қазына» оқулары» апталығының аясында «Termin talqyLike» қызықты интеллектуалды ойыны ұйымдастырылады.

Исаак Ньютон «Ғылымды танып-білуде ережеден қарағанда мысал маңыздырақ» деген екен. Сол айтқандайын, ойын арқылы қолданыстағы терминдерді талқылап, оларды сараптауға мүмкіндік беріледі, қатысушы жастар өздерінің тың идеяларын ортаға салады.

Интеллектуалды ойын 3 кезеңнен тұрады.

Ойынға қатысушылар арнайы Алғысхатпен марапатталады.

Жеңімпаз топқа интеллектуалды ойынның арнайы статуэткасы табысталып, барлық қатысушылар ойынның арнайы медальдарымен марапатталады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранттары мен студенттері, жалпы тіл жанашырлары қатысады.

Баршаңызды тамашалауға шақырамыз.

 

Өтетін орны: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы, Сауран көшесі, 7а

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-30-42, 87477029797

Comments (0)
Post a comment