«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

21.04.2023

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауы өткізіледі.

 

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Байқаудың мақсаты

 

1.1. «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 

2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Ғылым жәнежоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті.

2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

3. Байқауға қатысу тәртібі

3.1. Байқауға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда іріктеуден өткен 20 үміткер – мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында (ХҚКО, «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», банк, нотариус және т.б. салалар) қызмет атқаратын, 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысады.

3.2. Республикалық кезеңге қатысуға өтінім (әр өңірден 1 адам) тіл саласына жауапты құзіретті органның бірінші басшысының қолымен ұсынылуы тиіс.

3.3. Байқаудың кезеңдері:

І кезең. «Жұлдызды сәт». Өз өнерін көрсету (берілетін уақыт – 3 минут).

ІІ кезең. «Сөздің көркі». Отан, елге қызмет тақырыптарындағы мақал-мәтелдер айтудан сайыс. Үміткер ұсынылған мақалды жалғастыруы керек (берілетін уақыт – 2 минут).

ІІІ кезең. «Ой ұшқыны». Берілген тақырыпта ой толғау. Үміткер ұяшық таңдап Отан, туған жер, салт-дәстүр, белгілі тұлғалар тақырыптарында сөз саптайды (берілетін уақыт – 3 минут).

IV кезең. Ұшқыр сұрақ, ұтқыржауап. Берілген сұрақтарға жауап беру. Әр үміткер 15 сұраққа жылдам жауап беруі керек (берілетін уақыт – 1 минут).

3.4. Қазылар алқасы әр кезең бойынша үміткердің тіл тазалығын, сахна мәдениетін, берілген тақырыпты аша білуін, жауаптың дұрыстығы мен толықтығын бағалайды.

3.5. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ескертпе: «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының жеңімпаздары осы Байқау аясында онлайн марапатталады.

 

 

4. Қорытынды ережелер

4.1. Байқау үміткерлерін бағалап, жеңімпаздарды анықтау үшін тіл мен әдебиет салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінен (үш адам) тұратын Қазылар алқасы құрылады.

4.2. Байқауға қатысу туралы өтінімді 2023 жылдың 10 тамызына дейін Тіл саясаты комитетіне және tilqogam@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет (қосымшаға сәйкес). Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қаралмайды.

4.3. Байқау 2023 жылғы 25 тамызда өтеді.

4.4. Қатысушының іссапар шығыны Ұйымдастырушы тарапынан өтеледі.

4.5. Байқаудың өтетін орны қосымша хабарланады.

4.6. Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 44-19-81, +7 705 150 49 94, +7 702 976 70 68, +7 707 914 20 78.

 

 

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы»

республикалық байқауын өткізу

жөніндегі ережеге қосымша

 

 

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық

байқауына қатысуға өтінім

 

1. Т.А.Ә. __________________________________________________________________

2. Ұлты ___________________________________________________________________

3. Оқу немесе жұмыс орны, лауазымы _______________________________________

__________________________________________________________________________

4. Байланыс телефоны, эл.пошта _____________________________________________

5. Жеке куәлігінің көшірмесі (қоса тіркеу қажет).

Қолы

Күні

Comments (0)
Post a comment