АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА

10.08.2023

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ағартушы-ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күнді еліміз 2020 жылдан бастап мереке ретінде аталып өтеді. «Қазақтың Бас ақыны» (А.Байтұрсынұлы) өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, терең ойлы Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған. Абайдың гуманистік және ағартушылық мұраттарға ие прогрессивті көзқарастары бүгінде аса өзекті. Данышпан ойдың иесі кемел адам өзінің саналы ғұмырында 170-тен астам өлең жазып, 56 аударма жасаған. Оның қаламынан бірнеше поэма мен «Қара сөздері» туды. Абай аудармаларының арқасында әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ тілінде жарық көрді.

Comments (0)
Post a comment