«АБАЙ ИНСТИТУТЫ»: ІЗДЕНІСТЕР МЕН ІРГЕЛІ ІСТЕР

23.11.2023

Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін ілгерілетуді, танымал етуге бағытталған Қазақстанда және шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирреденттерге қазақ тілін оқыту, қазақ тілінде ашық білім беру, Абайдың шығармашылығы, қазақ тілін, әдебиеті мен фольклорын үйрену, ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған шаралар қызметін ұйымдастыру, оқыту бағдарламасын әзірлеу «Абай институты» бағдарламасы жасалды.

Мұның басты мақсаты Қазақстан Республикасының консулдықтары арқылы және бірлесіп орындауға мүдделі отандық және шетелдік мекемелер мен ұйымдарды серіктестіктер арқылы бүкіл әлем бойынша қазақ тілін насихаттау, қазақ тілін халықаралық деңгейде беделін арттыру, қазақ мәдениетімен, руханиятымен таныстыру, шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирреденттері үшін қазақ тілін меңгеруді ілгерілету, тереңдетуге және Абайдың шығармашылығы мен идеяларына арналған іс-шаралар ұйымдастыру болып табылады. Бағдарлама аясында ел азаматтары, шетелдегі қандастар мен шетел азаматтары қамтылады.

«Абай институты» Қазақстан Республикасының консулдықтары бар түркітектес, славянтектес елдер мен алыс шетелдерде іске асырылып жатыр.

Шетелдегі қазақтар өздері өмір сүретін мемлекеттерде сол елдің тілін меңгеріп, жалпы құндылықтарымен өмір сүреді. Дегенмен қазіргі таңда қазақ диаспорасы өкілдерінің қазақ тілін меңгеруі басты мәселеге айналып отыр. Атап айтқанда, қазақ мектептерінің жай-күйі, қазақша оқытатын курстардың жағдайы, қазақ тілін үйрететін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуі, Қазақстанға қоныс аударғысы келетін, жоғары оқу орындарына түскісі келетін жастардың мектеп бағдарламасынан бейхабар болуы, қазақ тілінде газет-журнал басып шығарудың жағдайы, қазақ тіліндегі радио, теледидар бағдарламаларының жағдайы, қазақ тілінде қазақстандық радио және телеөнімдердің өзге елдерде таратылу жағдайы басты назарға алынады.

Comments (0)
Post a comment