ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ АЯСЫНДА

01.12.2023

2023 жылғы 1 желтоқсан күні Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Мемлекеттік тіл және Тіл саясаты бойынша ұлттық комиссия өкілдері Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында болып Қоғам жұмысымен танысты.

Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Мемлекеттік тіл және тіл саясаты бойынша ұлттық комиссияның төрағасы Осмоналиев Каныбек Осмоналиевич, «Қырғызтест» директоры Топоева-Ставинская Батма Болоталиевна, «КЭТБ» директоры Байгуттиев Сейтек Сейтбекович Республикалық терминология комиссиясының кезекті отырысына қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Бұдан кейін Қоғамның қызметімен және IT жобалармен танысты.

Бас директор Мақпал Жұмабай қазақ тілін халықаралық деңгейде дамыту, шетелдіктерге арналған әдістемелік әзірлеу, қазақ тілін стандарттау, ана тілімізді ғылым тіліне айналдыру мақсатында жасанды интеллекті тілін қазақшалау туралы жан-жақты әңгімелеп, осы бағыттағы болашаққа арналған бірқатар жоспарды ортаға салды.

Іскер басқосуда Тіл HUB жетекшісі Мөлдір Бақытқызы Қоғамда әзірленген IT жобалар мен платформаларды таныстырды.

Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Мемлекеттік тіл және Тіл саясаты бойынша ұлттық комиссиясы мен Қоғам ұжымы өзара бірлескен ынтымақтастық жұмыстарын жүйелі жүргізу жөнінде уағдаласты.

Comments (0)
Post a comment