«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІМЕН ӘРІПТЕСТІК МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
22.01.2024
To favorites
Әріптестік кездесуде мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу бойынша келісімдер жасалды. Бірлескен баспа өнімдерін шығару, тіл мамандарының біліктілігін арттыру, тіл орталықтарына әдістемелік көмек көрсету мүмкіндіктері талқыланды.
Мекемелер алдағы уақытта ортақ мақсаттағы ағартушылық іс-шаралар, тренинг, семинарлар мен шеберлік сабақтарын бірлесе ұйымдастыруға уағдаласты.
Comments (0)
Post a comment