16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АСЫЛЖАН АБДУЛЛАЕВ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТКЕН ОҚУШЫ

31.01.2024

- Қайырлы күн Асылжан, ІТ саласындағы биік жетістігіңмен құттықтаймыз! Жалпы, ІТ технологиясын терең меңгеруге деген қызығыушылық қай кезден басталды?

- IT саласына қызығушылық бала кезімнен бар. Оған себепкер ағам болды. Уақыт өте келе тарих және саясатқа қызыға отыра “тұтынушы және өндіруші”терминдері қатты ой салды. Солай, тұтынудың орнына IT жобалар жасай бастадым.

- Бүгінде жасанды интеллект өте қарқынды дамып жатыр. Біздің қоғам онымен ағылшын және орыс тіліндегі базасы арқылы танысты. ЖИ-ді Ана тілімізде сөйлету идеясы қайдан келді?

- Ол чидея маған аяқ асты келген жоқ. 14 жасымнан бері “Тарихнама” атты үлкен медиа жоба жүргізіп келе жатырмын. Қазір оның аудиториясы 160.000 қолданушы. Осы жоба жаңашылдыққа түрткі болды.

- Жобаны жасау барысында алғашқы қадамдағы қиындықтар мен қандай сәтсіздіктер болды? Толық дайындап шығуға қанша уақыт кетті?

- Жобаны жасауда қиындықтар тек аудиторияға таныстыруда туындады. Ал негізінде барлығы алдын-ала қарастырылған жоспар бойынша ретімен болды.

- Жобаңа АҚШ-тың ІТ саласындағы алпауыт компаниялары да қызығушылық танытқан екен. Жақында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қабылдауында болдыңыз. Сұрайын дегенім, ІТ мамандарының пікірі мен қолдауы қалай бұл жұмысыңа?

- Жұмысты қолдау әрине, жақсы. Бірақ, жобаны әлі оңтайландыру қажет.

- ІТ бағыт бойынша бұдан басқа тағы қандай жобаларың бар?

- Тарихнамач - тарихи тақырыптарды 15 секундта таныстыратын медиа жоба. Orda Studio - қазақ тіліне шетелдік фильмдерді аударатын (40мың қолданушы), QazTTS - мылқауларға арналған ЖИ.

- Адамзаттың өмірін ІТ саласындағы жетістіктер жеңілдеткенін көріп жүміз. Өзің көпшіліктің пайдалануына ұсынатын өнім жасағанда нені басшылыққа аласың? Ұстанымың қандай болады?

- Ұстаным тек моральдік принциптеріме байланысты болды. Себебі GPT архитектурасында жұмыс істейтін жобалардың кез келгені бір бағытты келеді.

- Келешекте, ІТ саласы бойынша қандай идеяларды іске асырғың келеді?

- Идеялар да, жоспар да өте көп.

Comments (0)
Post a comment