«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауы

14.03.2024

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі өтіп келе жатқан «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауын жариялайды.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда іріктеуден өткен 20 үміткер – мемлекеттік тілді жетік меңгерген, білім беру саласында (балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орны) қызмет атқаратын 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысады.

 

Республикалық кезеңге қатысуға өтінім (әр өңірден 1 адам) тіл саласына жауапты құзіретті органның бірінші басшысының қолымен ережеде көрсетілген үлгі бойынша ұсынылуы тиіс.

 

Байқау 4 кезеңнен тұрады:

І кезең. «Жұлдызды сәт». Өз өнерін көрсету (берілетін уақыт – 3 минут).

ІІ кезең. «Сөздің көркі». Отан, елге қызмет тақырыптарындағы мақал-мәтелдер айтудан сайыс. Үміткер ұсынылған мақалды жалғастыруы керек (берілетін уақыт – 2 минут).

ІІІ кезең. «Ой ұшқыны». Берілген тақырыпта ой толғау. Үміткер ұяшық таңдап Отан, туған жер, салт-дәстүр, белгілі тұлғалар тақырыптарында сөз саптайды (берілетін уақыт – 3 минут).

IV кезең. Ұшқыр сұрақ, ұтқыр  жауап. Берілген сұрақтарға жауап беру. Әр үміткер 15 сұраққа жылдам жауап беруі керек (берілетін уақыт – 1 минут).

 

Қазылар алқасының бағалау қағидалары:

  • Үміткердің тіл тазалығы;
  • Сахна мәдениеті;
  • Берілген тақырыпты аша білуі;
  • Жауаптың дұрыстығы мен нақтылығы.

 

 

Байқаудың ережесі және өтінім беру формасы: https://tilqazyna.taplink.ws/

Қатысушылардың іссапар шығындары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.

Өтінімдер 2024-жылдің 30 тамызына дейін қабылданады. Байқау өткізілетін уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.

тел: +7 702 976 70 68

 
Comments (0)
Post a comment