Ғылым күніндегі онлайн-семинар: «Тіл-Қазына» тіл корпусының практикалық ерекшеліктері

10.04.2024

Қазақ тілінде жасанды интеллект құру және Ұлттық корпусты дамыту мәселелері – ана тілімізді ғылым тіліне айналдыру бойынша атқарылып жатқан ең үлкен қадамдардың бірі. 

Ғылым күні аясында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орталықтың жүргізіп отырған зерттеулерін көпшілікке таныстыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шәкәрім университеті, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ филология факультеттерінің студенттеріне 12 сәуір күні сағ.11:00-де онлайн-семинар өтпек.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері Мәдина Алшынбекова Серікболсынқызы «Сауатты жазу және заманауи технологиялар» тақырыбында, ал осы ұйымның Қолданбалы лингвистика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Дана Оспанова «Тіл-Қазына» корпусының практикалық ерекшеліктері» атты баяндама жасайтын болады.

Comments (0)
Post a comment