12 сәуір – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

14.04.2024

12 сәуірҚазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Бұл күн геолог-ғалым, Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, Алаш арысы Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен арнайы белгіленген. Биыл Қаныш Имантайұлының 125 жылдық мерейтойы.

Қаныш ғылымға 19 жасында бет бұрған. Ол қиында, күрделі «Алгерба» пәніне оқулық жазуды қолға алып, 1924 жылы баспаға тапсырған.

Қ.Сәтбаев – Томск технологиялық институтын 1926 жылы табысты аяқтап, тау-кен инженер-геологы дипломын иеленген қазақтыңалғашқы азаматы.

Қаныш Имантайұлы әр жылдарда қазақ фольклористикасы мен әдебиеттануына, батырлар жырының жарияланып, зерттелуіне үлкен үлес қосты. 1927 жылы «Ер Едіге» атты кітап шығарды.  

Сәтбаевтың «Әуезовтануға» да қосқан үлесі бар. Оның «Абай» романына арналған «Қазақ совет әдебиетінің аса үздік шығармасы» ғылыми мақаласын «Әуезовтанудың» бастамасы деп бағалауға болады.

1946 жылдың маусым айында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақстан Ғылым Академиясының (Қазақстан ҒА) тұңғыш Президенті болып сайланды.

Бүгінде еліміздің ғылымдағы әлеуеті зор. Академиктің ізін жалғап, жолын қуған ізбасарларын мақтан тұтамыз. Ғылым күні құтты болсын! Қазақ ғылымының өрісі кеңейіп, дами берсін!

Comments (0)
Post a comment