«ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҰЛЫ АБАЙ» ТАНЫМДЫҚ ДӘРІСІ

05.08.2024

ҚР Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің өтінішімен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының маманы «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҰЛЫ АБАЙ» тақырыбындағы рухани-танымдық дәріске қатысты.
Халықаралық байланыс және PR бөлімінің медиасарапшысы Жарқынбек Жұмаділұлы әскери қызметкерлерге ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығындағы адами құндылықтар туралы баяндап, ғұлама ақын еңбектері әр адамның ішкі рухани кемелденуіне септігін тигізетінін түсіндірді. Сонымен бірге «Тіл-Қазына» орталығы әзірлеген қазақ тіліне қатысты цифрлы жобаларды таныстырды.

«Еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығының мызғымас тірегі болған сарбаздарымыз арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, сапасын арттыруда тарихи тұлғаларымыздың рухани еңбектерін насихаттау, ойшыл ақынның сөз мұрасын меңгерту маңызды», деді 3656 әскери бөлімінің шараны ұйымдастыруға жауапты қызметкері Кенжегүл Әбілғаламова.
Іс-шара соңында сарбаздар өзара пікір алмасып, іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

Comments (0)
Post a comment