«Тіл-Қазына» орталығында «Ғылыми гранттар мен жобаларды әзірлеу үдерісіндегі өзекті мәселелер мен тәжірибелер» атты семинар өтті

13.10.2025
To favorites
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Ғылыми гранттар мен жобаларды әзірлеу үдерісіндегі өзекті мәселелер мен тәжірибелер» атты семинар өтті.
Семинар барысында ғылыми жобаларды басқару және гранттық қаржыландыру саласындағы сарапшы Айдос Ағдарбекұлы Мұқатаев ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми саясатындағы басым бағыттар, сондай-ақ гранттық жобаларды әзірлеу мен іске асыру жүйесінің ерекшеліктері жөнінде баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тәжірибе алмасу алаңына айналған мазмұнды пікір алмасу өтті.
Comments (0)
Post a comment