«Болашақ ғалымдар – Тіл-Қазынада» атты ғылыми-танымдық шара өтті

14.04.2026

Ғылым қызметкерлері күніне орай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Болашақ ғалымдар – Тіл-Қазынада» атты ғылыми-танымдық шара өтті. Іс-шараға Астана қаласы Нұра ауданына қарасты Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты.

Кездесу барысында орталықтың Басқарма төрағасы Мақпал Жұмабай қатысушыларды орталық қызметімен таныстырып, жас буынға жылы лебізін білдірді. Іс-шараны орталықтың ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Ысқақ жүргізді.

Сонымен қатар, жетекші ғылыми қызметкер, PhD Өркен Әбдіров «Зерттеу жұмысын жазуға кіріспе» тақырыбында дәріс өткізіп, ғылыми жұмыстың жазылу ерекшеліктерін түсіндірді.

Әдістеме LAB ғылыми қызметкері Айерке Зинедина зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы баяндаса, Терминология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, PhD Ақжібек Ахмет зерттеу нәтижелерін талқылау ерекшеліктеріне тоқталды.

Іс-шара барысында қатысушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында орталық қызметкерлері Жансая Бақытбекқызы мен Меруерт Шакенова интерактивті ойын ұйымдастырды.

Жас зерттеушілерге ғылыми зерттеу жазудың негіздері түсіндіріліп, әдебиеттерге шолу жасау және ІТ жобаларды тиімді пайдалану жолдары таныстырылды. Сондай-ақ орталық бойынша экскурсия ұйымдастырылып, бөлімдердің жұмысымен танысуға мүмкіндік берілді.

Comments (0)
Post a comment