Жарнама сауаттылығы

31.10.2019

«Латын графикалы кеңістіктегі жарнама сауаттылығы» атты республикалық онлайн семинар өтеді.

2019 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латын графикалы кеңістіктегі жарнама сауаттылығы» атты республикалық онлайн семинары өтеді.

Онлайн семинардың мақсаты – орфографиялық топ мүшелері тарапынан дайындалған «Графикалық кеңістіктегі жарнама» нұсқаулығын сарапшылар мен ғалымдар талқысына ұсынып, сараптамадан өткізу. Бұл еңбекте жарнама мәтіндерін жазуда жаңа емле ережелері мен пунктуация ережелерін дұрыс әрі сауатты қолдану мәселелері қарастырылған. Нұсқаулықта сыртқы жарнама және баспасөздегі, интернеттегі, теледидардағы жарнамалардан 1000-ға тарта дерек жиналып, талданған.

Семинарға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешов және осы орталықтың басқарма басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ сарапшылар «Азаттық» радиосының редакторы А.Мамашұлы, «Ұлан» газетінің редакторы Ж.Әбділда, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. А.Сейітбекова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, ф.ғ.к. Б.Қарағұлова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушысы, ф.ғ.к. З.Құлманова және өңірлердегі тіл орталықтарының басшылары мен мамандары қатысады.

 

Өтетін күні, уақыты:2019 жыл,1 қараша. сағат 11.00.

Өтетін орны:Нұр-Сұлтан қаласы, Сауранкөшесі, 7а

 

Веб-сайт: www.tilalemi.kz,

www.qazlatyn.kz,

www.tilqazyna.kz,

Эл.пошта:bzhibek@mail.ru

Ұялы телефон: 8 701 782 787 1

Comments (0)
Post a comment