Шартараптағы су жаңа шығармалар

10.03.2020

Газет оқырмандарына жылдың алғашқы айындағы шетелдік кітап нарығындағы әдеби жаңалықтарды ұсынамыз. Түрлі жанрдағы жаңа шығармалар әлемнің әр бұрышындағы сан тақырыпты қаузайды. Сөзіміздің әлқиссасын Муракамидің жазушылық өмірбаяны жазылған кітаптан бастауды жөн көрдік.

Харуки Муракамидің өз творчествосына арналған су жаңа кітабы «Эксмо» бас­­пасынан жарық көрді. Та­ны­­мал жапондық жазушы шығар­машылық жолында өзі туралы алғаш рет әңгі­мелеп берді.

Әр кітабы сатылымға шық­­пай тұрып-ақ бестселлерге айналған автордың бұл ро­ман-интервьюі шет­ел­дік оқыр­мандардың, әсі­ресе жазушылыққа өте-мө­те қы­зы­ғушылығы бар қауым­ның аузына ілігіп, назарын аударды.

Мураками өзін тануға һәм табуға біраз жылдарын арнаған адам. Әдебиетке бет бұрмас бұрын дүкенде сатушы болып, тіпті жекеменшік музыкалық бар ашқан. Дегенмен, тағдыры жазуға бұйыртқан автор бү­гінде оқылымды. «Жазушы мамандық ретінде» кітабында ол оқырмандарға «атақты Му­ракамиге» жетудегі оқиғала­рымен, жазу машығы һәм жазудан қорықпау керектігі хақында егжей-тегжейлі баян­дайды.

Кевин Кван, «Аса бай қы­тай қызы» («Безумно бога­­тая китайская девушка»)

«Аса бай азиаттар» («Без­ум­но богатые азиаты») атты қы­зық романның жалғасы ре­тінде автор оқырмандарын азия­­лық элитаның жабық әле­мімен, олардың өзгеше өмір сүру ережелерімен, гламур­лы ша­раларымен, нағыз байларға тән қылықтарымен таныстырады. Сондай-ақ ол әлемге ену үшін өте бай болу жеткіліксіз, шыққан тегіңнің де ақсүйек болуы өте-мөте маңызды дей­ді автор.

3

Клэр Фуллер, «Ащы апель­­син» («Горький апельсин»)

Ауыр науқасқа шалдыққан анасын бағып-қағып жүрген бас кейіпкер тұйықтығы мен өзіне сенімсіздігінен өмірінің көп бөлігін үйінде өткізген. Ол анасы өмірден өткен соң кө­не ағылшын шаруалығына жұ­мысқа тұрып, жақсы қо­жайындарымен танысқан соң, бойына сіңген бұйығы мінез­дерден арылып, өмірге ерек көзқараспен қарай бастайды.

4

Ольга Токарчук, «Соңғы оқи­­ғалар» («Последние истории»)

Нобель сыйлығы лауреа­тының 16 жыл бұрын жазған үш повесі өлім тақырыбын қаузайды. Бұл поляк жазушысы «1990 жылдардағы прозаның басты үміттерінің бірі» еді. Өзіне ғана тән жазу машығымен өлімді өмір сү­ру­­дің бір түрі ретінде сипат­тайтын Ольга Токарчук оқыр­манға өлім туралы әңгі­ме­ден қашпауға һәм ол жоқтай кейіп танытпау керек екенін жеткізеді.

5

Тони Моррисон, «Ең тұнық көздер» («Самые голубые глаза»)

Тағы бір Нобель сыйлы­ғы­ның лау­реаты – танымал қа­ра нәсілді автор ары тапталған афро­аме­ри­­калық қыздың қайғыға толы, қа­тыгез тағдыры туралы повесті ұсы­нады. Ол үшін кө­гілдір көз – қол жетпес «ақ» әлем­нің символы іс­петті. Егер ол өзін еркін сезінсе, өмі­рі жақсарар еді. 1970 жылы жазылған кі­тап өзінің көкей­кестілігін әлі де жоғалтқан жоқ: өткір тақырыбына бо­ла оған кейбір америкалық мектептерде оқу­ға тыйым салынған.

6

Саша Филипенко, «Ос­трог­қа оралу» («Возвра­ще­ние в Острог»)

Жас беларусь жазушысының бұл шығармасында ойдан шы­ғарылған дәнеңе жоқ: жал­ғыз қала түзуші басты меке­месі түр­ме болып табыла­тын, тым артта қалған қалашыққа астанадан тер­геуші келіп, Балалар үйінің тәр­биеленушілеріне өзіне қол салу эпи­демия­сы қайдан тап болғанын анық­тауға тырысады.

7

Ари Турунен, «Иесін тап­паған ескерткіштер. Даңққа лайық емес билеушілер» («Па­мятники не тем. Пра­ви­тели, не заслужившие славы»)

«Өркөкіректік, менмендік пен көрсеқызарлықтың әлем­дік тарихының» авторы кезекті зерттеу жасай оты­рып, оқырмандарға ұлы билеу­шілердің өмірін басқа қырынан көрсетеді. Себебі Александр Македонский, Владимир Ленин, Васко да Гама, Иван Грозный, Мартин Лютер және басқа да ұлы тұл­ғалар қарама-қайшылыққа толы әрекеттерге барған. Ал көр­шілес елдерде оларды көбіне қылмыскер санаған.

8

Кристофер Бакли, «Сот­тардың соңына түскен жан» («Охотник за судьями»)

Үлкен Джордж Буштың спичрайтері, танымал «Мұнда темекі шегеді» романының авторы ұсынған бұл тарихи романда оның әйгілі юморы кеңінен көрініс тапқан. Күлкілі, ойлы һәм «Providence Journal» жазғандай, «же­ңіл­тек» кітап оқырман назарын аударады деп күтілуде.

9

Comments (0)
Post a comment