"Ең үздік подкаст" байқауы

31.03.2020

Қазіргі уақыт тоқтаусыз, сәт сайын дамуымызды талап етеді. Ол үшін мотивациялық кітаптар оқып, бірнеше шет тілдерін меңгеру, түрлі ІТ бағдарламаларды игеру трендте. Ал трендтен қалу қазақы тілмен айтқанда "көштен қалумен" тең. Жаһандық дамудан да қалмай, күнделікті күйбең тірлікпен де ілесу үшін қайтпек керек?.. Әлбетте, әрбір сағатты, әрбір бізге берілген мүмкіндікті мүлт жібермеуге тиіспіз. Яғни қоғамдық көлікте кетіп бара жатып та тіл үйренуге, кітаптардың мазмұнымен танысып, жаңа инновациялық идеяларды игеруге болады. Ол үшін "подкастинг" терминімен таныс болсаңыз жеткілікті.

Подкаст - дыбыстық жазба. Жанды, эмоцияны еркін білдіру арқылы тың деректермен бөлісе отырып, тыңдарманның қызығушылығын, күткен нәтижесін бере алу.

Хош. «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» байқауы трендтегі термин арқылы қазақ тілін трендке айналдыруды көздейді. Себебі тіл үйренуде тыңдалым мен айтылым әрекеттері тіл үйренушінің интерактивті-виртуалды қарым-қатынас құру, ақпараты қабылдау және жеткізу, сондай-ақ меңгерілген білімді сақтау, тілді тұтынушының мәдениеті мен әдебиетінен мол ақпарат алу арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

 

Байқау ережесі:

1. Қазақ тілін оқытудың А1 деңгейі үшін, тіл үйренушінің тыңдалым мен айтылым әрекеттерін дамытатын подкаст (радиохабарламалар форматында түрлі тақырыпқа (әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени, экономикалық, ғылыми-кәсіби, т.б.) жазылған аудиофайлдар) дайындау;

 

2. Жазба тілі: қазақ тілі;

3. Жазба түрі: сұқбат, монолог, полилог;

4. Жазба форматы: аудио.

 

Оқу подкастына қойылатын талаптар:

  • көлемі 2-4 минут;
  • оқу дикциясы және дауыс мәнерінің ерекшелігі;
  • аудиохабарламаның сапалы жазылуы;
  • подкастқа 2-3 тапсырма ұсыну, тапсырма А4 форматындағы файлда берілуі қажет (міндетті түрде);

Байқау материалдары 2020 жылдың 1 сәуірі мен 1 мамыры аралығында ttilalemi@gmail.com электронды адресіне қабылданады.

 

Байқау қорытындысы 2020 жылдың 18 мамырында https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады.

Байқау жүлдегерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы дипломымен марапатталады.

 

Байланыс телефоны: 8775-040-4586

Comments (0)
Post a comment