Батыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарға онлайн семинар өтті

05.06.2020

Семинарды лектор болып КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы Шырын Айтмағанбетова мен филология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Дүсіпбаева жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша және әлеуметтік саладағы жұмыс технологияларына, оның ішінде ауылдық жерлерде халықпен жұмыс жүргізу бойынша оқытуды қолға алып жатыр.

Мақсаты: Қазіргі қазақ тіліндегі бес стильдің бірі ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік – құқықтық құжаттарды, оның ішінде ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу сауаттылығын арттыру, сондай ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарын, оның ішінде ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде қолданатын әдіс-тәсілдерін (технологияларын) жетілдіру.

Comments (0)
Post a comment