СҮЙЕНЕТІН ТАМЫРЫҢ, СЫЙЫНАТЫН ТӘҢІРІҢ

04.09.2020
Міне, үш жылдың жүзі болды, 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып белгіленді. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Сөйтіп, жыл сайын біз «...өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді» деп Сəкен Сейфуллин баға берген, қазақ əліпбиінің негізін салған ұлы ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлап келеміз.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы есесі кеткен жылдардың жоқтаушысы, болашаққа батыл қадамның басқышындай дүниеге келген ұйым деуімізге болады.

Орталық еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, яғни қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы əліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мəдениетін одан əрі арттыруға жəне тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу жолына бел шешіп кірісті.

2017 жылы Үкімет қаулысымен қазақ əліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің мақсатты жоспары құрылғанды. Жоспарды іске асырудың ғылыми негіздемелерін əзірлеу үшін еліміздегі беделді филолог, тілші ғалымдардан, тарих саласының, терминология мен ономастика, лингвистика, шетел тілдерінің сарапшыларынан, ІТ мамандардан тұратын жұмыс топтары жасақталды. Орфографиялық, Əдістемелік, Терминологиялық, Сараптаматехникалық жұмыс топтарының жұмыс бағытын басты мақсатқа лайықтап, олардың қызметін үйлес тіру де «Тіл-Қазына» ұлттық орта лығына міндеттелді. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдары əліпби мен емле ережесінің жобасын əзірлеп, біздің орталық ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттерін атқарды..."

 

Әлібек АСҚАР,

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»

ұлттық ғылыми-практикалық орталығының

Бас директоры

 

Мақала "Егемен Қазақстан" газетінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі санында жарық көрген.

Толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:

https://pdf.egemen.kz/pdfs/2020/09/04.09.20.pdf

Comments (0)
Post a comment