«ШАЛҚАР» ШАҢЫРАҒЫНДА
08.10.2020
To favorites
азақ тілі радио арқылы еліміздің түкпір-түкпіріне тарайды. Ана тіліміздің әдемі әуезділігіне, жауһардай сөз құнары мен байлығына қаншама ұрпақ қанып өсті. Сол жақсы үрдіс еш өзгеріссіз жалғасып келеді. Соның бірі – «Шалқар» радиосы.
Сол қасиетті шаңырақтың ертеңгі қонағы – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы.
Жас ғалымның есімі елімізге жақсы таныс, ол қазақ тіліндегі IT Sozdikqor.kz жобасының жетекшісі, «Шахмат» тележобасының бас продюсері.
Сұқбатты әдеттегідей журналист Айнұр Шамшейітқызы жүргізеді.
Қазақ тілінің бүгіні мен болашағына берік қолдау болған «Сөздік қор» порталы мен қазақ тілін насихаттауға арналған жобалар жөнінде білгіңіз келсе, жіберіп алмаңыз!
Comments (0)
Post a comment