Әлібек АСҚАР: ТІЛ КҮРЕСІ – ДАМЫЛСЫЗ КҮРЕС

15.10.2020
Аң атаулы азығы үшін Құдайдың атпа күні жорыққа аттанып, жердегі жыбырлаған жәндікке дейін таң атысы, күн батысы тыным таппай жүреді емес пе. Қыста ұйқыға кететіндері жаз бойы жемін тасып әлек болады. Олардың тірлігінің мәні сол. Адамда рухани ұлы мән бар ғой. Адамды сондай дәрежеге жеткізіп, айуандар әлемінен айырып алған нәрсе – тіл. Сөйлеуі арқылы ерекше дүниетанымға ие болды. Сан ғасырлар бойы ұлттық ерекшелігін дамытты. Ендеше сол тілді өзге тілдің жойқын ықпалынан құтқару үшін, ғылым мен білім арқылы еніп жатқан жаңалықтарға жұтылып кетпей, керісінше, осы істің көш басында тұруы үшін күресу қажет болмай ма.

Бұл Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, жазушы Әлібек АСҚАРДЫҢ "Ана тілі" газетіне берген сұқбат берген сұқбатынан бір үзік сыр.

Толық мәтінімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://anatili.kazgazeta.kz/news/58542

Comments (0)
Post a comment