2 МИЛЛИОНДЫҚ АУДИТОРИЯСЫ БАР STAN.KZ-ТІҢ «ДИКТАНТ» ЖОБАСЫ

28.10.2020
ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: қазақ тілін сүйетін, қазақша қатесіз жазып үйренгісі келетін әрі қатесіз жазатынына көзін жеткізі келетін жандар үшін ұйымдастырылатын ағартушылық акциясы. Оған кез келген адам ұлтына, біліміне, саяси көзқарасына, кәсібіне, отбасылық жағдайына, діни сеніміне қарамастан қатыса алады.

Ұйымдастырушысы:

даму бойынша директоры Жазира Байдалы, 87017082725

 

Масштаб: республикалық/халықаралық

Қай кезде өткізіледі: шамамен 21 қараша – сенбі (2020 жыл)

Таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін диктантқа қатысуға мүмкіндік болады.

Мәтінді қатысушылар кирилл әліпбиі бойынша жазады.

Ұраны: қазақ тілін сүй, қазақша жаз!

Мәтінді оқитын үш спикер: Ләйлә Сұлтанқызы, Ерқанат Көпжасар, Владислав Тен.

Оқылатын мәтін: Ғаламторда жарияланбаған мәтін.

Диктантты тексеретіндер: жүйе өзі автоматты түрде тексеріп береді.

Платформа: сайттың ішіндегі арнайы парақша

Қалай бағаланады: мектептегідей 2, 3, 4, 5 деген баға қойылады. Қателіктің санына байланысты болады бұл баға. Оның критерийімен сайт арқылы таныс бола аласыздар.

Диктант жазғандардың бағасы сайтқа жарияланбайды. Тек электронды поштамен жіберілетін серфикатта көрсетіледі.

Comments (0)
Post a comment