Мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша іс-шара өтті

04.11.2020

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен, «Лұғат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3 қараша күні Алматы қаласынада мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша бүгінге дейін ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысы өтті. Бұл шарада модераторлықты Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас инспекторы Бақыт ҚАЛЫМБЕТ атқарды. Мемлекеттік тілдің маңызы мен оны дамытудың, Үкіметтік емес ұйымдардың арасында қазақ тілінің басымдыққа ие болуын және өзге де өзекті мәселелерді көтеріп, пікір алмасқан спикерлер – қоғам қайраткері, белгілі саясаткер Дос КӨШІМ, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан ЖҮНІСБЕК, «Лұғат» қоғамдық қорының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт ҚАПАЛБЕК. Сондай-ақ, көпшілікке пайдалы әрі тіл жанашырлары үшін маңызы зор болған қорытынды шараға БАҚ өкілдері де белсене атсалысты. «Almaty tv» телеканалы, «Ана тілі» газеті, «Егемен Қазақстан» газеті, «Qamshy kz» сайтының өкілдері келіп, қорытынды шараның модераторы мен спикерлерінен сұхбат алды. Қатысушылар тарапынан ойлы, ұтқыр сұрақтар қойылды.

«Лұғат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің маңызын арттыру мақсатында бірнеше ай бойы Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе қаласы, Шығыс Қазақстан облысы. Павлодар қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласында өткізілген семинар-лекциялардың қорытындысы ретінде өткізілген бұл шараның тіл жанашырлары болып жүрген азаматтарға берген пайдасы мол. Мұнда айтылған ұсыныстар алдағы уақытта шешімін табуы тиіс мемлекеттік тілге қатысты мәселелерді шешуге бағыт-бағдар болады деп сенеміз.

 

 

Comments (0)
Post a comment