MICROSOFT-ПЕН БІРЛЕСКЕН ЖАҢА ЖОБА

18.01.2021
Microsoft Қазақстан және Алматы қалалық білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін бірлесіп қарастыруда.

Бұл мақсатта тараптар оқу үдерісінің сапасын жақсарту және Алматы қаласындағы орта білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастықты ықтимал кеңейту мен дамытуды көздейтін, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ ықтимал ынтымақтастық цифрлық сауаттылықты, Алматы қаласы мектептерінің педагогтары мен оқушыларының цифрлық машықтарын және құзыреттерін арттыруды көздейтін болады.

Жылқыбаева Ляззат Ауесханқызы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы: «Бүгінгі таңда цифрлық құралдарды пайдаланбай, білім беруді елестету қиын. Сондықтан біздің ықтимал ынтымақтастығымыз аясында Microsoft компаниясы ұсынуға дайын бірегей тәжірибе, үздік халықаралық практикалар және инновациялық технологиялар, қаланың білім беру жүйесін табысты цифрлық трансформаиялаудағы мақсаттарға жетуде бізге көмегі тиетініне сенімдіміз».

 

Қазіргі уақытта қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес, Алматы қаласындағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық Microsoft-тың білім берудегі сансыз зерттеулері мен көп жылдық тәжірбиесіне негізделген үздік халықаралық практикаларды ұсынуды қамтитын болады. Microsoft-та әлемнің түрлі елдерінің білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудың тиімді стратегияларын жүзеге асырудағы ауқымды тәжірибесі бар болғандықтан, бұл білім берудің жергілікті жүйесінің қажеттіліктері мен міндеттерін ескере отырып, ең оңтайлы стратегияларды тәжірибе жүзінде таңдауға және енгізуге мүмкіндік береді. Білім беруді цифрлық трансформациялау барлық оқушыларға өз әлеуеттерін ашуға және толықтай іске асыруға, ал мұғалімдерге оқытуға арналған қауіпсіз, сенімді және инклюзивті ортаны құрудың арқасында, жұмыстың инновациялық әдістерін енгізу мен қолдануға көмектеседі.

Тараптар қарастырып жатқан бағыттардың бірі — қала мектептеріне білім беруге арналған Microsoft «MinecraftEducationEdition» мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандыруын бірлесіп енгізу мен дамыту жобасы. «MinecraftEducationEdition» - бұл сабақ берудегі әдістерді өзгертетін және балаларды оқу үдерісіне тарту мен олардың бойында білімге деген қызығушылықты оятуға көмектесетін, ойын негізіндегі оқу платформасы. Әлемнің әр түкпіріндегі оқытушылар оқушыларды сабақ беру мен оқытудағы мүмкіндіктер шегі қиял мен ғана белгіленетін иммерсивті цифрлық ортада барынша қызықтыру үшін «MinecraftEducationEdition»-ді оқу үдерісі барысында сабақ кезінде әр түрлі пәндерде қолданады.

«Біз планетадағы әрбір оқушыға көпке қол жеткізуге көмектесеміз. Біздің Алматы қаласының білім басқармасымен және цифрландыру басқармасымен ықтимал ынтымақтастығымыз қаланың білім берудегі цифрлық трансформациясына оң әсер етеді деп сенеміз. Бүгінгі таңда заманауи цифрлық технологиялар оқыту үдерісін қызықты, интерактивті және инклюзивті етугі көмектесіп, білім беру үшін шексіз дерлік мүмкіндіктер ашуда. Microsoft-тың білім беруге арналған заманауи шешімдері оқушылардың білімді анағұрлым тиімді игерулеріне жәрдемдесуде, сондай-ақ мұғалімдерге оқытуда инновациялық құралдар мен әдістерді қолдануға мүмкіндік береді»,— деп Microsoft-тың Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы Нұрлан Жаныбек пікір білдірді.

Comments (0)
Post a comment