«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ»

01.03.2021
Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 26 ақпанда сағат 14:30-да «Көк тудың желбірегені» халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Ісшараның мақсаты – шетелде тұратын қандастармен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көрсетілген өзекті мәселелерді талқылау.

Қазақстанныңшетелдегі қандастармен тілегі де, жүрегі де бір. Мемлекет басшысы өз мақаласында қандастарымыздың атамекенге оралуын барынша қолдап, бұл істі жандандыруды, ортақ Отанымыздың босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыруға біріге жұмылуға шақырады.

Дөңгелек үстелде Ресейден Самара аймақтық қоғамдық ұйымы «Самара қазақтары» Мәдениет орталығының президенті Салауат Асқарұлы, Өзбекстаннан Әжінияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Тұрсынай Төрткүлбаева, Түркиядан қазақ және түрік тілдерінде шығатын «Қазақ елі» халықаралық журналының редакторы Нұргүл Берікболова, Моңғолиядан Білім институтының ғылыми қызыметкері Сандуғаш Харриқызы, Португалиядан VMESTORES Lda менеджері Исмира Алтыбаева қатысады деп күтілуде.

Онлайн басқосу барысында шетелдегі қандастарымыздың ана тілін меңгеру және қолдану, ұлттық құндылықтарды және ұрпақ сабақтастығын сақтау, ана тілінде білім алудың, қазақ тіліндегі оқу құралдарының, көркем әдебиеттердің қолжетімділігі т.б. мәселелер көтеріледі.

Comments (0)
Post a comment