«ҚОЛАҢ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ

09.04.2021
«ҚОЛАҢ» сөзін көбіне «қолаң шаш» тіркесімен қолданып, «қалың» деген мағынаға ие деп жатамыз. Ал бұл сөздің мағынасы қандай деп ойлайсыз? 1️⃣9️⃣7️⃣7️⃣ жылы экранизацияланған ✅ Абдулла Қарсақбаевтың «Алты жасар Алпамыс» фильміне ерекше назар аударуыңызды өтінеміз. ⠀

Мұнар ата мен Алпамыс екеуінің арасындағы әңгіме барысында Мұнар атаның қолындағы шыбын-шіркейді қағып отырған желпуіш құралын көрдіңіздер ме?

❇️ Міне осы құрал – ҚОЛАҢ деп аталады.

1. «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» он бес томдықтың 9-томы

ҚОЛАҢ - зат.этн.көне. аттың қалың қылынан немесе басқа да қылдан қалың етіп жасалған шашағы, әшекейленіп ағаш, сүйек сияқты т.б. қатты заттан жасалған сабы бар маса, шыбын-шіркейден қорынуға арналған желпеуіш құрал.

Менің немді сұрайсың?

Бұқар барсаң ҚОЛАҢ бар,

Қолаңды көр де, шашым көр (Ер Тарғын).

Тағы бір айта кететіні - Мұнар атаның рөлінде Қазақстанның

халық артисі Қанабек Байсейітов (Күләш Байсейітованың күйеуі). Өмірден өтер шағындағы соңғы рөлдерінің бірі екен.

2.сын. Қалың, жуан, ұзын (шаш) деген мағынаны білдіреді.

Етіндей жас баланың білегі бар,

Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы.

ҚОЛАҢ қара шашы бар жібек талды,

Торғындай толқын ұрып көз таңдайды (Абай, Тол. жин.).

3. зат. Байырғы қазақ қоғамындағы әртүрлі төмен әлеуметтік топтардың өкілдері.

Тазша болып Қозыкем кетті дейді,

Аякөзден сал байлап өтті дейді.

Әшейін-ақ ҚОЛАҢдар адым басып,

Қарабайдың қасына кетті дейді (Қозы Көрпеш.).

Ал көрші-қолаң мен қоңсы-қолаң сөздерінің «қолаң» сөзіне қандай байланысы бар? Сіздің ойыңыз бен пікіріңіз біз үшін маңызды.

Comments (0)
Post a comment