ШЕЛПЕК ТУРАЛЫ

16.04.2021

1. Шелпек - етке салынатын жұқалап ысылған қамыр (аймақтарға байланысты). ⠀ Бұл сөздің әр жердің қазағында әр түрлі айтылатын: ⠀ ✅ іңкәл, күртік, құлаң нан, жұқа нан, еттің наны, қайыс нан дейтін нұсқалары бар. ⠀ ❓Ал сіз жақта қалай айтылады?                                                           

2. (Сем., Абай; Қар., Қарқ.,Қост., Жанг., Аман.) өлген кісінің асына бата оқырына, құдайысына пісірілетін дөңгелек жұқа нан (майға қуырылады).

Шелпектерін пісіртіп, дастарқандарын жайғызып бір жеті бойында өз күлерінде аза қылып отыратын (М. Ә., Абай жолы, I, 184).

Кей жерлерде жеті күлше дейді. ❓Ал сіз жақта қалай айтылады?

3. (Алм., Еңб. қаз.) майға пісірілген дөңгелек жұқа нан (мұның өліммен байланысты әдет-ғұрыпқа арнап пісірілуі шарт емес).

Май шелпекке тойып ал (Алм., Еңб. қаз.).

Comments (0)
Post a comment