"АҚ СИСА, ҚЫЗЫЛ СИСА..."
20.04.2021
To favorites
"Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса, Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса, Шорманның Мұстафасы атымды алып, Атандым сол себептен Жаяу Мұса". ⠀ Ал осы Жаяу Мұсаның әніндегі «сиса» дегеніміз не? ⠀ Қандай матаның түрі екенін білесіздер ме? ⠀ Сиса (ор. ситец) - мақтадан тоқылатын, арзан бағалы, түрлі-түсті мата. ⠀ Суреттерге зер салып, мата түрлерін қазақша қолдануға тырысайық.
Мақпал – велюр
⠀
Шелк – жібек
⠀
Бәтес – батист
⠀
Шибарқыт – вельвет
⠀
Сәтен – сатин
⠀
Кәшемір – кашемир
⠀
Парша – парча
⠀
Пүліш – плюш
⠀
Барқыт – бархат
⠀
Баршын – жолағы бар жібек мата
⠀
Шұға – сукно
⠀
Шілтер перде – тюль
⠀
Дәке – марля
⠀
Матаның қолданыстан шыққан атауларын білсеңіздер, орысша баламасымен пікірге жазып жіберсеңіздер.
⠀
Ақпарат ұнаса, бөлісуді ұмытпаңыздар.
Comments (0)
Post a comment