Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының ЕРЕЖЕСІ

05.05.2021

Акцияның мақсаты 1.Қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу; - қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту; - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. 2.Акцияға қатысатын үміткер акция талабы бойынша берілген ақындар өлеңдерінің біреуін таңдап, мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда жыр оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде нақты көрсетілуі қажет. 3.Байқауға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан этнос өкілдері қатысады.

Акцияның талаптары

 

Акция 5 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең

5-8 сыныптың оқушылары үшін акция 2021 жылы5 мамыр – 3 маусым аралығында өтеді.

Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Инстаграм әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы қажет.

 

Екінші кезең

9-10 сынып оқушылары үшін акция 2021 жылы 3 маусым – 2 шілде аралығында өтеді.

Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Фейсбук әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратады.

Үшінші кезең

Жоғары оқу орындарының студенттері арасында акция 2021 жылы 5 шілде – 5 тамыз аралығында өтеді.

Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), YouTube желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен жариялауы тиіс.

 

Төртінші кезең

Ересек тұрғындар үшін акция 2021 жылы 6 тамыз – 6 қыркүйек аралығында өтеді.

Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Инстаграм әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегіменжариялайды.

Бесінші кезең

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін акция 2021 жылы 6 қыркүйек – 6 қазан аралығында өтеді.

Акцияға қатысатын үміткер өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), Фейсбук әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегіменжариялайды.

Акция жеңімпаздарын анықтау және марапаттау

1. Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

2. Акция жеңімпаздары көрсетілген әлеуметтік желілердегі «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.

3. Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 15 қазанында онлайн режимде өткізіледі. Акция жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

4. Акцияның жеңімпаздары туралы ақпарат шара аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Байланыс мәліметтері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25-үй, «Аңсар» БО, 2-қабат, «Тіл-Қазына» ҰҒПО.

Шараның өткізілуіне жауапты тұлға: Әлім Сергібаев, 8(7172)27-30-43, 8(707)5333873

Comments (0)
Post a comment