«АҢДАР ШАҺАРЫНДАҒЫ» КӘМШАТ ХАНЫММЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР

25.05.2021
Ал КӘМШАТ сөзінің мағынасы қандай екен? Сіздер білдіңіздер ме? Міндетті түрде пікір білдірулеріңізді сұраймыз. КӘМШАТ (лат. Lutra lutra) – сусарлар тұқымдасына жататын, терісі өте құнды аң. Кеміргіштер қатарындағы терісі бағалы аң, құндыз. Кәмшат Аустралиядан басқа материктің бәрінде кездеседі. Суда жақсы жүзеді, шомылады. Кәмшатты кейде қазақша құндыз немесе қама деп те атайды.

Мұның бірнеше түрлері бар, олардан жиі кездесетіндері: кәмшат құндызы, өзен кәмшаты.

Тереңнің ✳️кәмшат құндызы,

Көрұғылым іздеп келмесе,

Жетпіс құлаш тереңде,

Жатырмын орным тамұқтан (Көрұғлы).

 

✳️Кәмшат – құндыздың бір түрі (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

✅Кәмшат тон ж е р г. Кәмшат терісінен беттестіріліп тігілген тон.
Соңғы кезде іші-сырты кәмшат терілі тондарды тігіп киюде (Б.Кәмәлашұлы, Қаз. баспана.) ет. Кəмшатпен сəнделу, кəмшатпен көмкерілу.

Түйеңде алтындаған қомың болсын,

Жағасы кəмшатталған тоның болсын.

Алдыңнан ақ отауың құшақ ашып,

Шалқысын бағың жанып, жолың болсын! (Қ. Толыбаев, Бабадан., 149).



✅Кәмшат бөрік

Кәмшат терісінен тігілген әйелдердің баскиімі.

Кигені қыздарының асыл мата.

Басында кәмшат бөрік, мойнында алқа.

Таранып бұлбұл құстай ән шырқадым,

Көрген соң көп әйелді қозып арқа (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Аз күнде-ақ «қыз» атандым бойым сылап,

Оқалы қамзол киіп, белді қынап,

Шоқпардай үкі таққан кәмшат бөрік,

Ақша жүз ажарыма тұрды ұнап (Сара [Тастанбекқызы], Тордағы.).

Әрі-беріден соң шатырдан қасында оншақты қыздарымен жарқ етіп Сара қыз шыға келді, басында кәмшат бөрік, үстінде оқалы тон, Біржанға біраз қарсы тұрып «Кел, шырағым, амандасайық» деген Біржанның сөзіне ілтипат етпестен сол жақтағы биік орынға барып, шалқия түсіп отыра кетті (М.Дулатов, Шығ.).

Comments (0)
Post a comment