ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫ: ТӘЖІРИБЕСІ, БАҒДАРЫ, ӘЛЕУЕТІ

26.06.2021
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе өткізген, «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинарда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Нұрлан Шүленбаев қазақ терминологиялық қорын толықтырудың ғылыми негіздері қақында ой бөлісті.

Қазақ тілінің терминологиялық қорын жинақтау қандай деңгейде?

Қазақ терминологиясының ғылыми іргетасының қалыптасуына қазіргі кезге дейін жарық көрген 15-тен астам монография мен зерттеу еңбектері, 10-нан астам оқулық пен оқу құралдары, 1000-нан астам ғылыми мақалалар, сондай-ақ қорғалған 4 докторлық, 40-тан астам кандидаттық диссертация тікелей негіз болды. Ал қазақ терминографиясындағы бүгінгі таңдағы әртүрлі терминологиялық сөздіктердің саны 250-ден асады [1, 149]. Бұл – осыдан жеті жыл бұрын келтірілген дерек. Бұдан кейінгі жылдары терминология саласындағы ғылыми зерттеулер жазылып, баламалы сөздіктер жарық көріп келе жатқандығын ескерсек, қазақ терминологиясының ғылыми-теориялық негізі нығайып, қазақ тілінің терминологиялық қоры жинақталды деуге болады. Терминологиялық сөздіктердің ішінде басшылыққа алынатыны – Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған мына сөздік топтамалары болып табылады:

1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысымен жарық көрген 31 томдық «Қазақша-орысша, орысша-қазақша салалық ғылыми терминологиялық сөздіктер» топтамасы.

- 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Педагогикалық ғылымдар академиясы» дайындаған 30 томдық «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік» топтамасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған 30 томдық сөздік топтамасының ерекшеліктерін төмендегіше топтап көрсетуге болады:

1. Сөздік топтамасын әзірлеудің ғылыми-теориялық жәнеәдістемелік-практикалық негіздері.

Сөздік топтамасының ғылыми-теориялық және әдістемелік-практикалық негізін жетілдіру мақ­са­тында профессор А.Құсайыновтың (ғылыми жетекші), ҚазақҰТУ профессоры Н.Сейітовтің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Қ.Ж.Айдарбек, Б.С.Жонкешовтің авторлығымен «Қазақша-орысша және орысша-қазақша (екі тілді) салалық ғылыми терми­но­логиялық сөздіктер топтамасын әзірлеу принциптері (ұстанымдары)» әзірленді [2].

Бұл сөздік топтамасы 1999-2000 әзірленген сөздік топтамасы негізінде дайындалып, осы уақытқа дейін жарық көрген басқа да салалық және жалпы терминологиялық сөздіктер, сондай-ақ терминологияға және тіл біліміне қатысты ғылыми еңбектер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар кеңінен пайдаланылды.

 

Сөздік топтамасын құрастырудағы басты критерилер қандай?

 

Сөздік топтамасын құрастыруда қойылатын талап жоғары. Топтаманы әзірлеуде 1999-2000 дайындалып, жарық көрген сөздік топтамасын сараптамадан өткізіп өңдеу, әр томдағы терминдер санын 9 мыңға, тіпті 11-12 мыңға дейін жеткізіп, толықтыру, сонымен бірге халықаралық терминдерді жүйелеп, жарық көрген сөздіктерге енбей қалған және тілімізге жаңадан енген терминдерді барынша қамту мақсаты қойылды.

Сөздік топтамасын құрастырушылардың біліктілік деңгейі

Сөздік топтамасын әзірлеуге 52 мекемеде – жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында, академияларда, министрліктер мен Парламентте, салалық мекемелерде қызмет ететін 144 ғылым докторы, 120 ғылым кандидаты, жалпы 350-дей ғалым қатысты.

4. Сөздік топтамасын құрастыруға тілші мамандардың қатысуы

Бұл сөздік топтамасын әзірлеуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары авторлық ұжым мүшелерімен бірлесе еңбек етті.

Салалық терминдер қалыптастыру алдымен сала мамандарының құзыреті болса, тілші ғалым­дар терминжасам талаптарының, қазақ тілінің төл заңдылықтарының сақталуын басты назарда ұстады.

5. Сөздік топтамасында қамтылған терминдерді біріздендіру

Авторлық ұжым мүшелері өз сөздіктерін әзірлегеннен кейін бір-біріне жақын салалар анықталып, топтастырылып, ортақ талқылау жұмыстары жүргізілді. Мұндай ортақ талқылауға бірнеше баламасы берілген терминдер, сондай-ақ авторлық ұжымдар бір шешімге келе алмаған терминдер де ұсынылып отырды. Мысалы, Физика және астрономия, Математика, Информатика және есептеуіш техника, Энергетика, Электроника, Радиотехника және байланыс сөздіктері, Химия, Биология, Медицина, Экология, Дене тәрбиесі және спорт сөздіктері, Тарих, Мәдениет және өнер, Философия және саясаттану, Педагогика және психология, Әдебиет және лингвистика сөздіктері бірге талқыланды.

Жалпы, осындай отырыстарда 20000-ға жуық термин талқыланды. Әр талқылауға 20-30, кейбір отырыстарға 35-40 адам қатысты. Осынша терминді талқылауға шамамен 1000-нан астам сағат, яғни 10-11 ай уақыт жұмсалды. Мұндай талқылауларда терминжасам мәселесінің ғылыми негіздері, сала терминдерін қалыптастыру жолдары, шетелдік терминдерді дұрыс аудару, көне сөздерді пайдалану тәсілдері, қазақ тілі заңдылықтарының сақталуы және т.б. көптеген мәселелер қарастырылды.

6. Сөздік топтамасында қамтылған терминдерді біріздендіру мақсатындағы көпшілікке арналған талқылаулар

Бұл сөздік топтамасын халықтың талқысына кеңінен салу мақсатында Педагогикалық ғылымдар академиясының сайтына орналастырылды. Ол туралы «Егемен Қазақстан» және «Ана тілі» газеттеріне арнайы хабарлама берілді.

2012-2014 жылдары «Ана тілі» газетінде «Оқырманмен ойласу» атты айдармен «Терминжасам: Ұсыныс. Пікір» деген тақырыпта 2500-нан астам термин, сонымен бірге 1000-ға жуық термин Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтындағы «Терминдер» айдарында жарияланды. Тілге жанашыр жандардың талқылауға ұсынылған терминдерге қатысты пікірлері ескерілді.

7. Салалық терминдерді барынша біріздендіру және «ұлттандыру»

Сөздік топтамасына қазақ ұлтына ғана тән, салт-дәстүрімізге, мәдениетімізге, тұрмыс-тіршілігімізге қатысты, өзге тілдерде ұшырыспайтын, ал аударма-нұсқалары қазақ тіліндегі түсінігін дәлме-дәл бере алмайтын терминдер енгізіліп, орыс тіліндегі нұсқасы кирилл қарпімен транслитерацияланып берілді. Мысалы, «бесті қымыз», «езген құрт», «жаппа нан», «майқуырдақ», «айналайын», «сүйінші», «бас табақ», «құда табақ», «жоралғы», «бәйге қамшы», «білеу қамшы», «қара шаңырақ», «түндік», «астау», «күбі», «ақсақал», «әмеңгер» және т.б.

8. Сөздік топтамасын сараптамадан өткізу

Сөздік топтамасының сапасын арттыруға Терминком мүшелері мол үлес қосып, мыңдаған терминдерге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық ұсыныс-пікірлер бойынша авторлар ұжымы тиянақты жұмыс жүргізді [3].

Қазақ тілінің терминологиялық қорын қалыптастырудың принциптеріне қатысты ғалымдардың пікірлерін төмендегіше жинақтап беруге болады:

- терминологиялық сөздіктердің бірінші бөлімінде атау сөздерге (реестрлерге) қазақ тіліндегі терминдер, ал екінші бөлімінде орысша терминдер алынады;

- терминологиялық сөздік нақтылы бір (кейде екі) ғылым саласы (немесе салалары) бойынша жасалынып, онда тек сол салаға (салаларға) қатысты терминдер мен терминдік тіркестер ғана қамтылады;

- термин емес сөздер немесе басқа ғылым саласына қатысты терминдер оған алынбауға тиіс;

- жеке сөзден жасалған терминдер де, сөз тіркестерінен жасалған терминдер де сөздікке жеке-жеке алынады және олар әліпбилік (алфавиттік) ретін сақтап орналастырылады;

- көпнұсқалы терминдердің барлығы да сөздікке алынуы мүмкін;

- сөздік түзуде қазақ тілінің грамматикалық ерекшелігі ескеріледі, терминнің әдеби тілдегі нормасы алынады;

- орысша қолданылып келген терминдердің өз тілімізде бар қазақша баламаларын табу;

- орысша қолданылып келген терминдерді қазақшаға сөзбе-сөз (калька тәсілімен) аудару;

- терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығы бойынша қазақша дыбыстау (айту) және солай жазу;

- жасалған сөздіктің екінші бетінде оның аңдатпасы (аннотациясы) мен авторлардың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы және ұжым жетекшісі көрсетілгені жөн;

- сөздіктің алдында қысқаша жазылған «Кіріспесі» (немесе «Алғы сөзі») болуы керек;

- сөздіктің соңында осы сөздікті жасау үстінде пайдаланылған әдебиеттердің (сөздіктердің, ғылыми-теориялық еңбектердің, әдістемелік құралдардың және т.б.) толық тізімі берілгені жөн.

Қазақ тілінің терминологиялық қорын жетілдірудің бағдарын төмендегіше жинақтап көрсетіп отырмыз:

І. Ғылыми-теориялық негізі:

- терминологиялық қорды жетілдіру мақсатында іргелі ғылыми зерттеу жүргізу үшін арнайы мақсатты бағдарлама әзірлеп, жүзеге асыру;

- терминдердің ғылыми түсінігін, диффинициясын ашу үшін және салалық терминдерге лингвистикалық талдау жасау үшін сала мамандарынан және тілшілерден тұратын ұйым құру және оның жұмысын нысаналы түрде жүргізуге жағдай жасау.

ІІ. Әдістемелік негізі:

- термин қабылдау қағидаттарын қайта қарап, ғылыми түрде негізделген жаңа қағидаттарды бекіту;

- терминологиялық сөздік жасауға арналған әдістемелік нұсқаулық жасау;

- терминологиялық оқыту (мектеп терминологиясын қалыптастыру және дамыту; жоғары оқу орындарына терминология пәнін міндетті пән ретінде енгізу);

- терминологияны үндестіру және үйлестіру (әрбір жоғары оқу орнында салалық терминологиялық комиссиялар құру);

- оқытушы-профессорлар құрамының терминологиялық біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

- журналистердің терминологиялық біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.

ІІІ. Практикалық негізі:

- терминдерді түгендеу;

- сала мамандары мен лингвистердің құзыреттілігін айқындау;

- сала мамандары мен лингвистердің бірігіп сөздік жасау тәжірибесін, сөздік жасау мәдениетін, техникасын жетілдіру (семинарлар, конференциялар, басқосулар, онлайн конференциялар және т.б. ұйымдастыру);

- сала мамандарының тілтанымдық еңбектермен (түсіндірме, синонимдер, орфографиялық және т.б. сөздіктер) жұмыс істеу тәжірбесін жетілдіру;

- қазақ терминдерінің корпусын жасау (қазақ тілінде мектеп терминологиясына, студенттер деңгейіндегі, академиялық дәрежедегі терминологиялық сөздіктерге арналған сайттар ашу).

IV. Сараптамадан өткізу:

- баламалы немесе Терминком мақұлдаған сөздіктерге терең лингвистикалық талдау жасау, біріздендіру (тілішілік, тіларалық және терминологияны іштей біріздендіру);

- бекітуге ұсынылған терминдерді немесе талқылауға ұсынылатын сөздіктерді БАҚ («Терминологиялық хабаршы», әртүрлі газет-журналдар, телевидение) арқылы таратып, жұртшылықтың пікірін біліп отыру;

- лингвистикалық талдаудан өткен терминдерді міндетті түрде қолдану механизмін жасау.

V. Терминологиялық қорды ортақтандыру:

- туыстас тілдерге ортақ терминологиялық қор құру;

- бір-біріне жақын салалардың ортақ терминологиялық сөздіктерін шығару (политехникалық, гуманитарлық және т.б.) [4].

Сонымен қатар қазақ тілі терминологиялық қорының негізі болып табылатын сөздіктерде кездесетін кемшіліктерді төмендегіше топтастырып көрсетуге болады:

- терминологиялық бірізділіктің сақталмауы;

- салаішілік әркелкілік (варианттылық, жарыспалылық, синонимия, омонимия, полисемия),

- салааралық әркелкілік (варианттылық, жарыспалылық, синонимия, омонимия, полисемия);

- «әсіре қазақшалауға» ұмтылу;

- қолдан тым жасанды сөз жасауға әуестік;

- жалғаулардың әркелкі жалғануы;

- әртүрлі сөз таптарынан термин жасау;

- бір терминнің жекеше және көпше түрде берілуі;

- бірнеше сөз тіркесінің термин ретінде берілуі;

- бір ғана терминнің түрліше тұлғада жазылуы;

- салаға қатысы жоқ атаулардың термин ретінде алынуы;

- сараптауды қажет ететін баламалар [4].

Сондай-ақ қазақ тілі терминологиялық қорының негізі болып табылатын терминологиялық сөздіктерде мынадай сәйкессіздіктердің кездесетін атап өтуіміз керек: а) орыс тіліндегі бір терминнің қазақ тілінде екі немесе одан да көп нұсқада қолданылуы; ә) қазақ тіліндегі бір терминнің орыс тіліндегі екі немесе одан да көп терминнің баламасы ретінде қолданылуы; б) орыс тіліндегі бір түбірлі немесе бір түбірден тараған терминдердің қазақ тілінде әртүрлі нұсқада қолданылуы.

Мұндай сәйкессіздіктерге төмендегі факторлар себеп болады деп есептейміз:

орыс тіліндегі бір терминнің екі немесе одан да көп нұсқадағы баламасының бекітілуіне қатысты жекелеген жайттардың орын алуына (ұсынылған, мақұлданған, тіпті қабылданған, бекітілген терминдерді қайта қарап, қайта бекітуге) бірқатар лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар;

- заңнамада қолданылатын терминдердің бекітілген терминдермен бірізге түсірілмеуіне заңнамада қолданылған терминдерді өзгертуге болмайды деген уәждің алға тартылуы;

- салалық терминологиялық сөздіктерде қамтылған терминдердің бекітілген терминдер сөздігіндегі баламалармен қатаң түрде сәйкестендірілмеуі [5].

Қазақ тілі терминологиялық қорының әлеуеті

Қай тілдің болсын терминологиялық қорының әлеуетін оның сандық және сапалық құрамы негізінде анықтауға болады.

Біріншіден, қазақ тілі терминологиялық қорының құрамын зерделеуді сандық көрсеткіштерді статистикалық талдаудан бастау қажет деп санаймыз. Осы орайда 2014 жылы шыққан терминологиялық сөздік топтамасына жасалған талдаудың нәтижесінде төмендегідей статистикалық деректерге қол жеткіздік.

Атауы

Бір сөз

Екі сөз

Үш сөз

Үш сөзден көп

Барлығы

 

1

Физика және астрономия (1-том)

қазақша-орысша

2324

5077

1145

176

8722

орысша-қазақша

2113

5319

1131

222

8785

2

Математика (2-том)

қазақша-орысша

1112

6475

2107

370

10064

орысша-қазақша

1228

6678

1775

296

9977

3

Информатика және есептеуіш техника (3-том)

қазақша-орысша

1188

6141

2197

534

10060

орысша-қазақша

1236

6323

1807

612

9978

4

Механика және машинатану (4-том)

қазақша-орысша

1620

5790

1434

199

9043

орысша-қазақша

1678

6411

804

79

8972

5

Энергетика (5-том)

қазақша-орысша

3872

3119

2825

1462

11278

орысша-қазақша

2913

1825

3526

2947

11211

6

Электроника, радиотехника және байланыс (6-том)

қазақша-орысша

2541

2780

2880

1566

9767

орысша-қазақша

2120

2505

2335

2685

9645

7

Машинажасау (7-том)

қазақша-орысша

2879

4407

1023

115

8424

орысша-қазақша

2936

4504

653

152

8245

8

Көлік және қатынас жолдары (8-том)

қазақша-орысша

2731

5570

1375

203

9879

орысша-қазақша

2913

5918

969

56

9856

9

Сәулет және құрылыс(9-том)

қазақша-орысша

2433

5824

1338

615

10210

орысша-қазақша

4812

5148

622

68

10650

10

Статистика, стандарттау және зияткерлік меншік (10-том)

қазақша-орысша

1358

5826

3387

2233

12804

орысша-қазақша

1744

7225

3050

1541

13560

11

Әскери іс (11-том)

қазақша-орысша

2578

4659

2749

1827

11813

орысша-қазақша

2765

4040

3058

2420

12283

12

Химия (12-том)

қазақша-орысша

1574

6138

2101

658

10471

орысша-қазақша

1773

5623

1753

514

9663

13

Биология (13-том)

қазақша-орысша

1902

4789

2687

763

10141

орысша-қазақша

1895

6987

2123

789

11794

14

Медицина (14-том)

қазақша-орысша

3598

6251

2239

544

12632

орысша-қазақша

5333

5933

3035

148

14449

15

Ауыл шаруашылығы (15-том)

қазақша-орысша

3945

5314

1537

284

11080

орысша-қазақша

5209

5437

935

243

11824

16

Су шаруашылығы(16-том)

қазақша-орысша

1729

5261

2369

914

10273

орысша-қазақша

1963

6146

2177

744

11030

17

Экология (17-том)

қазақша-орысша

10373

1199

243

47

11862

орысша-қазақша

3560

6768

1185

360

11873

18

Кен ісі және металлургия (18-том)

қазақша-орысша

2026

5569

2178

589

10362

орысша-қазақша

1897

6315

2059

625

10896

19

Геология, геодезия және география (19-том)

қазақша-орысша

1558

7670

1949

687

11864

орысша-қазақша

1580

7770

1886

646

11882

20

Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі(20-том)

қазақша-орысша

3617

5023

1475

191

10306

орысша-қазақша

3605

5517

1293

589

11004

21

Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет (21-том)

қазақша-орысша

4472

5680

1365

968

12485

орысша-қазақша

5978

6240

1342

450

14010

22

Философия және саясаттану (22-том)

қазақша-орысша

8098

4472

712

146

13428

орысша-қазақша

6836

3692

437

57

11022

23

Тарих (23-том)

қазақша-орысша

6319

3945

697

126

11087

орысша-қазақша

7103

3583

426

98

11210

24

Педагогика және психология (24-том)

қазақша-орысша

2179

6787

2220

402

11588

орысша-қазақша

2475

7104

1816

325

11720

25

Мәдениет және өнер (25-том)

қазақша-орысша

1690

4915

2003

808

9416

орысша-қазақша

1980

5935

2490

698

11103

26

Әдебиет және лингвистика (26-том)

қазақша-орысша

3104

7210

2850

604

13768

орысша-қазақша

3361

7932

2129

246

13668

27

Экономика және қаржы (27-том)

қазақша-орысша

2865

2947

1878

1669

9359

орысша-қазақша

2948

1375

3871

3304

11498

28

Іс жүргізу және мұрағат ісі (28-том)

қазақша-орысша

3653

4646

1851

915

11065

орысша-қазақша

4735

4585

1435

1435

12190

29

Заңтану (29-том)

қазақша-орысша

3928

3011

2966

1351

11256

орысша-қазақша

2792

1645

3423

3037

10897

30

Дене тәрбиесі және спорт (30-том)

қазақша-орысша

1642

4891

2417

864

9814

орысша-қазақша

1874

6849

2319

658

11700

БАРЛЫҒЫ

 

қазақша-орысша

92908

151386

58197

21830

324321

 

орысша-қазақша

93355

161332

55864

26044

336595

Қазақ тілі терминологиялық қорының негізін құрайтын 2014 жылы шыққан терминологиялық сөздік топтамасына статистикалық талдау жасай келе, салалық сөздіктердің қазақша-орысша және орысша-қазақша нұсқасында қамтылған терминдердің сандық көрсеткіші дәлме-дәл емес екендігі анықталды және мұндай сәйкессіздіктерге төмендегідей жағдайлар әсер етіп отыр деп ойлаймыз:

- орыс тіліндегі бір терминнің қазақ тілінде жарыса қолданылуы;

-қазақ тіліндегі бір терминнің орыс тілінде екі немесе одан да көп нұсқада қолданылуы;

- орыс тіліндегі бір түбірлі терминдердің қазақ тілінде әртүрлі нұсқада қолданылуы;

- кейбір терминдердің екіден көп баламасы алынып, олардың әліпби ретімен әр әріптің қатарында берілуі.

Екіншіден, қазақ тілі терминологиялық қорының әлеуетін оның сапалық көрсеткіші тұрғысынан анықтауымыз керек. Шынын айтқанда, қазіргі қолданыстағы терминдердің қаншасы өзіміздің төл сөзіміз, қаншасы шет тілдерінен орыс тілі арқылы қабылданған бірліктер, қаншасы қазақ тілінің заңдылықтарына бейімделіп алынған терминдер деген мәселе әліге дейін толыққанды қарастырылған емес. Осы тұрғыдан филология ғылымдарының кандидаты Б.Жонкешов «Жас қазақ» газетіне берген сұхбатында мынадай деректер келтіреді: «Қазақ терминологиялық қорында 333 000-ға жуық термин бар екен. Оның 33 479-ы орыс тілі арқылы енген шет тілі терминдерінің санын құрайды. Бұлар орыс тілінде қалай жазылып, айтылса, қазақ тілінде де дәл солай таңбаланып, дыбысталады. Олардың қазақ тілінде баламалары табылып, қолданысқа енгендерінің саны – 6317 бірлік. Ал енді осы жерден ойланайық, қазір жиі айтылып жүрген, «шеттен енген терминдерді жаппай, жөнсіз аударып жүр» деген қағида қаншалықты шындыққа жанасады?! Шеттен енген (орыс тілінен) 33 479 терминнің 2 пайызын ғана игердік емес пе? Бұл көрсеткіш өз заңдылығы, өз тарихы, өз тұтынушысы бар тәуелсіз тілге көптік ете ме?! Жауабын халықтың өзі берер» [6].

Біз 2014 жылы шыққан сәулет және құрылыс саласына арналған терминологиялық сөздікке талдау жасай келе мынадай деректерді анықтадық: қазақша-орысша нұсқасында – 10210; оның ішінде: бір сөзден тұратын терминдер – 2433; екі сөзден тұратынтіркес терминдер – 5824; үш сөзден тұратынтіркес терминдер – 1338; үш сөзден көп тіркес терминдер – 615; орысша-қазақша нұсқасында – 10650; оның ішінде: бір сөзден тұратын терминдер – 4812; екі сөзден тұратынтіркес терминдер – 5148; үш сөзден тұратынтіркес терминдер – 622; үш сөзден көп тіркес терминдер – 68.

Сонымен қатар осы сөздікте төл терминдердің саны былай болды: қазақша-орысша нұсқасында – 1369; орысша-қазақша нұсқасында – 1453 [7]. Бұл жерде ескерте кететін бір жайт: мұнда төл терминдердің жалпы саны, яғни қайталанатын сөздер де есептелді. Осы жағдайды ескерсек, төл терминдердің саны көрсетілгеннен кемитіні белгілі. Яғни құрылыс саласы арналған терминологиялық сөздіктегі төл терминдер саны 10% шамасында болатыны байқалады.

Терминология саласындағы зерттеулерге сүйене отырып, қазақ тілі терминологиялық қорының сапалық құрамы төмендегіше көрсетуге болады:

1) орыс тілі арқылы енген шеттілдік терминдер;

2) орыс тілінен қазақ тіліне сол күйінде алынған терминдер (мысалы, маяк – құрылыс термині);

3) орыс тілінен қазақ тілінің заңдылықтарына бейімделіп алынған терминдер (мысалы, пеш – печь – құрылыс термині);

4) орыс және басқа да шет тілдерінен енген терминдерді калькалау тәсілімен аудару арқылы жасалған терминдер;

5) орыс және басқа да шет тілдерінен енген терминдерге қазақ тілінің сөзжасам жұрнақтарын жалғау арқылы жасалған терминдер;

6) ішінара түркі тілдерінен алынған терминдер (учак – ұшақ; хавалан – әуежай).

Қазақ тілі терминологиялық қорының әлеуетін нақты білу және оны әрі қарай дамыту үшін мынадай ұсыныстар айтқымыз келеді:

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы бекітілген терминдерге түгендеу (инвентаризация), мониторинг жүргізетін жұмыс тобын құру және оның қызметі қаржыландырылуға тиіс;

аталған жұмыс тобы 2014 жылы шыққан терминологиялық сөздік топтамасындағы терминдердің сапалық көрсеткішіне нақты талдау жасауы керек (төл сөздер, шет тілдерінен орыс тілі арқылы енген терминдер, қазақ тілінің заңдылықтарына бейімделіп алынған терминдер, орыс тілінен қазақ тіліне сол күйінде алынған терминдер, орыс және басқа да шет тілдерінен енген терминдерді калькалау тәсілімен аудару арқылы жасалған терминдер;орыс және басқа да шет тілдерінен енген терминдерге қазақ тілінің сөзжасам жұрнақтарын жалғау арқылы жасалған терминдер; ішінара түркі тілдерінен алынған терминдер және т.б.).

Comments (0)
Post a comment