ҚР Білім және ғылым министрі жұмыс тобы мүшелерімен кездесу өткізді

28.02.2022

24 ақпан күні елордамызда ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, Үлгілік оқу жоспарларын, Үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша құрылған жұмыс тобы мүшелерімен «Білім мазмұнын жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

Министр алдымен қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оқыту принципі мен бағыты өзгермейтінін, тек бағдарлама мазмұны өзгеретініне тоқталды. Ол мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламалары жаңартыланын, алған білімді бекітіп, қайталау үшін уақыт берілуі және материалдың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажеттілігін алға тартты.

Іс-шараға республика бойынша 212 педагог қатысты. Соның ішінде біздің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры орынбасары Л. Есбосынова мен Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері А. Орманова жұмыс тобы мүшесі ретінде өз үлестерін қосты.

Кездесудің нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрі «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, орта білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру» және «Жұмыс тобының қызметін үйлестіру және ұсыныстар әзірлеу жөнінде Үйлестіру Кеңесін құруды» тапсырды.

Comments (0)
Post a comment