Тауар сыртындағы мемлекеттік тілдегі жазулар алынып тасталмақ

28.03.2022

Бизнес-қауымдастық өкілдерінің импортталатын тауарларға қатысты мемлекеттік тілдегі этикеткалар мен қосымшаларды бекіту жөніндегі заңнама талаптарын уақытша алып тастау ұсынысын премьер-министр Әлихан Смайылов қолдап, оны осы аптаның соңына дейін тиісті жарлық шығаратындай мемлекет басшысының қарауына енгізуді тапсырды.

«Мұндай шешімді қабылдау этикеткаларды әзірлеуге, оларды көбейтуге және бекітуге қатысты бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді», – дейді үкіметтің баспасөз қызметі кәсіпкерлер өкілдеріне сілтеме жасап.
Comments (0)
Post a comment