16 сабақта қазақша үйрен!

07.04.2022

Тақырыпты бұлай атауымыздың бір ғана себебі бар.

Біріншіден, Дмитрий Петровтың тіл үйрену бағытындағы еңбектерімен танысқысы келетін оқырман саны өте көп. Бұдан басқа, қай жерден сатып алуға болатыны туралы өтініштер легі осы уақытқа дейін толас тапқан емес.

Әуелі автор жөнінде бірер сөз. Оның есімі еліміздің тіл ғылымы ғалымдары мен тіл үйренушілерге жақсы таныс. Әлемнің кез келген тілін бар болғаны 16 сағаттың ішінде меңгеріп алу жөніндегі теңдесі жоқ методикасы Гиннестің рекордтар кітабынан лайықты орнын алған.

Полиглоттың қазақ тілін 16 сабақ ішінде және ағылшын тілін ана тіліміз арқылы үйренуге арналған еңбектері тұңғыш рет жарық көріп отыр.

Әлбетте, ақпараттар тасқыны тұсында мұндай таңғажайып дүниеге біреу керемет деп бөркін аспанға атып қуанса, күмән келтірушілердің де табылары жасырын емес. Бірақ Дмитрий мұның біріне де мән бермейтін көрінеді, оған бәрінен бұрын тіл үйренуге талаптанушы адамның: «Бұл маған не үшін қажет?» деген сұраққа жауап тапқаны маңызды. Оның ойынша, коммуникация құралын жасанды түрде қажеттілікке айналдырып, еріксіз таңумен басталған әрбір қадам сәтсіздікке ұшырайды.

Салған жерден «Семантикалық-морфологиялық тұжырымдаманың ерекшеліктері» деген тақырыпқа тап болған тіл үйренуші кітапты әрі қарай қарай оқымақ тұрғай, тап сол жерден бетін жаба салады деген Дмитрий өз еңбектерінде тамаша тәсілдерді қолданады.

Оған мына сілтемелер арқылы көз жеткізесіздер:

https://tilalemi.kz/tartu/one/1132

https://tilalemi.kz/tartu/one/1124

Comments (0)
Post a comment