ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

29.04.2022

БҒМ басшысының ойынша, Тіл комитетінің министрлікке ауыстырылуы заңды. Мемлекеттік тілді насихаттау, дамыту, оны ғылым тіліне айналдыру мектептерден, ғылыми ұйымдардан, ЖОО-дан басталатынын айтты. Бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз, - дейді ол.

Аймағамбетов қазақ тілінде білім беретін мекемелердің желісін және білім алушылардың үлесін арттыру мәселесіне тоқталды.

Сондай-ақ шарада мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген белгілі лингвист ғалымдар, тіл үйрету жобаларының авторлары мен әдіскерлері «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатталғандар қатарында тіл маманы Владислав Тен де бар.

Төсбелгіні алғашқылардың бірі болып алғаныма қуаныштымын. Мен өз жұмысымды істеп жүрмін. Осы жұмысым мемлекетке, Білім министрлігіне ұнаған болар. Сол себепті мені де осы жиынға шақырды, - деді Тен.

Ол қазақ тілінің болашағы зор болатынына сенім білдірді.

- Қазақ тілін дамытуға өз үлесімді қосып жүрмін. Тіл орталығымызда бірнеше тіл үйретеміз. Оның ішінде қазақ тілі де бар. Қазақ тіліне сұраныс өте жоғары. Сол себепті дәл қазір қазақ тілін оқытумен айналысып жүрміз, - деді тіл маманы.

Владислав Тен бүкіл Қазақстан бойынша орыс тілді оқушылар орталықтан қазақ тілін онлайн форматта оқиды.

Қазақ тілін үйренушілер көп келеді. Басында басым бағытымыз ағылшын тілі болған. Енді қазір қазақ тіліне сұраныс артып жатыр, - деп түсіндірді Владислав Тен.

Comments (0)
Post a comment