БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

03.05.2022

Күнделікті тұрмыста көзіміз әбден үйренген кәдімгі теледидар мен радиодан айырмасы – тікелей эфирден емес, қолайлы уақытта аудиофайл арқылы тыңдауға немесе бейнехабарламадан көруге болады. Кез келгенадам подкаст қызметіне кіріп, таңдағанын көріп, оны өзінің жеке компьютеріне көшіріп ала алады. Интернетте тілді түрлі деңгейде меңгерген аутентикалық подкастар жиі кездеседі.

Байқауға Қазақстан Республикасының өңірлік және жекеменшік тіл орталықтарының, орта мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері, қазақ тіліне қызығушылық танытатын азаматтар қатысты.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің маманы ВикторияЯрославовна Щербина байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.

Бірінші орынға Шымкент қаласы А.Макаренко атындағы №41мектеп лицейініңмұғалімі Диана Рафаиловна Крыкпаева ие болды.

«Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Жаратылыстану жоғары мектебі химия білім беру бағдарламасының зертханашысы Светлана Александровна Поломарь, «Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Әкімшілік департаменті Құжат айналымы және бақылау бөлімінің мемлекеттік тіл жөніндегі маманы Ерболат Калымжанұлы Асылбеков, Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Любовь Евгеньевна Васецкая екінші орынды бөлісті.

Ақмола облысы Есіл ауданының тілдерді оқыту орталығынан Егор Сергеевич Тихонов, Ақмола облысы, Аршалы кентінің№1 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Анастасия Ивановна Лобода, Нұр-Сұлтан қаласы Тұран-Астана университетінің студенті Виктория Ивановна Дорошко үшінші орын иегерлері атанды.

Өмірбат Жаңғабылұлы Айтәлі, Карина Дмитриевна Миняйло, Кристина Дмитриевна Миняйло, Яна Валерьевна Фритц, Есбол Ғабитұлы Өміртай, Вероника Сергеевна Логвинова, Наталья Станиславовна Некрасова сияқты қатысушыларға ынталандыру марапаты табысталды.

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа технологияны пайдалану шараның бұқаралылығын арттырды. Әлбетте, подкаст әлеуметтік қызметін мұндай игі мақсатқа пайдалану қатысушылардың сөйлеу әрекетінің тыңдалым мен айтылым шеберлігін дамытуға да септігін тигізгені сөзсіз.

Comments (0)
Post a comment