ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

25.05.2022
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, бекітілген кестеге сәйкес, қазақ тілін үйретуге және насихаттауға арналған ІТ жобалармен таныстыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Бұл жолғы дәріс Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде өтті.

Жалпы «технология» сөзін латыншадан аударғанда, «tehne» өнер және «логос» ғылым дегенді білдіреді екен. Тәжірибе көрсетіп жүргеніндей, мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру үшін жаңа технологиялық жобалардың өзіндік ерекшелігі жеткілікті, әрі тіл үйренушілер жеңіл қабылдайды. Әсерлі әңгімеден кейін мұны министрлік қызметкерлері қуаттады.

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ тілінің мәртебесі жоғарылап, ана тіліміздің еркін дамуына жол ашылды. Қоғамдағы мемлекеттік тілге деген қажеттіліктің артуы, оның қолданылу аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді. Осы орайда біз тіл үйренушілерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, тиімді әдістемелік тәжірибелерді кеңінен таратып келеміз. Мына жобалар бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттырады»,  деді тіл үйренушілермен жүздескен Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері, «Абай институты» платформасының координаторы Айгүл Әділбекқызы.

Comments (0)
Post a comment