ЖҮЗ ЖАСАҒАН «ЖАС АЛАШ»
20.06.2022
To favorites
Бүгін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығының Бас директоры Е.Тілешов Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіндегі «Жас Алаш» газетінің 100 жылдығына арналған көрмеге қатысты. Жүріп өткен жолын қазақтың тағдырынан бөлек алып қарауға болмайтын басылым көп. Соның бірі де, бірегейі де – «Жас Алаш». Ол өзінің бастауын Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатұлынан алады. Күнделікті ақпаратпен гаджет арқылы танысатын жастар жағы біле де, түсіне де бермеуі мүмкін, бұл газеттің оқырман саны өткен ғасырдың жетпiсiншi, сексенiншi жылдары 300 мыңға жетіпті. Бұл халық сүйіспеншілігінің өлшемі десе болады.
Сонау Ғани Мұратбаевтың кезінен бастап, осы күнге дейін қазақ журналистикасының қаймағы небір қалам қайраткерлері түлеп ұшты.
Бір ғана өткен дәуіріне тамсанып, бүгінгісіне келгенде тосылып жату жараспайды. Дәстүр сабақтастығы тұрғысынан келгенде «Жас Алаштың» мүлт кеткен жері жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш арыстарынан басталған аға ұрпақ эстафетасы қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар дәуіріне ұласып, қоғам өмірінен өз орнын тапты.
Бір ғасыр бойы жақсылықтың жаршысы болып келе жатқан «Жас Алаштың» Жаңа Қазақстанға қосар үлесі аз болмасына бек сенеміз.
Comments (0)
Post a comment