ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

01.07.2022
«Тіл және Қоғам» алманахының биылғы жылғы №1 (55) саны жарық көрді. Оқырман асыға күткен басылымның бұл саны Қазжақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасмы Әділбек Қабаның «Ұлт ұлыларын ұлықтайды» деген алғысөзімен ашылған. «Тіл саясаты комитетінің «Тіл және қоғам» алманахы басылымында көрнекті түркітанушы, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ұлт ұстазы, рухани көсем Ахмет Байтұрсынұлы туралы белгілі тіл білімі саласы ғалымдарының мақалалар топтамасы жарық көріп отыр. Бұдан басқа, басылым беттерінен, әдеттегідей, тіл оқыту, үйретудің әлем¬дік озық ғылыми жетістіктері туралы жарияланымдармен таныса аласыздар. Бұл айтылғандардың ізденуші әдіскерлер мен тіл мамандары һәм қарапайым оқырман үшін үлкен олжа болары анық.

Тіл мен қоғам қатынасының айқын көріністері Сіздер жолдаған материал­дармен ұштасып сабақтасып жатса, біздің алға қойған мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз», – делінген беташар мақалада.

Көзі қарақты оқырман бірден аңғарады, алманахтың алғашқы саны ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған.

Ұлы қайраткердің сан қырын қамтыған 11 мақала жарияланып отыр.

«Бұдан басқа «Рухани жаңғыру» айдары бойынша С.Ерғалидың «Бәрінен де маңыздысы – тілдік орта» мақаласы жан-жақты талдаулар арқылы мәселенің байыбына үңілтсе, «Сөз сырында» А.Әмірбекованың «Дулат Исабековтің тілі» төңірегіндегі тамаша ойлары бірден баурап алады», – дейді әріптесіміз Редакциялық-баспа басқармасының бас редакторы Қойшыбай Есентаев.

«Терминология» айдарындағы А.Ахметжанұлының «Қазақ тіліндегі химия пәні терминдерінің қалыптасуы және оның қазақ тілі заңдылықтарымен байланысы» тақырыбындағы ой толғамы оқырманын қаннен-қаперсіз қалдырмасы анық.

Алманахтың толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://tilalemi.kz/viewer/viewer.php?file=/books/8169.pdf
Comments (0)
Post a comment