ШАЛҚАР ОЙҒА ШАБЫТ БЕРДІ
08.08.2022
To favorites
2022 жылғы 7 тамызда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы қырғызстандық Сұлтан Раевпен іскер кездесуге қатысты. Бұл туралы Астана қаласы қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасы Шафхат Исмаилов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Синергия эффектісін беруге қабілетті адамдардың ортақ әлеуетін біріктіру мақсатында олардың арасында коммуникация орнату – сірә, менің өмірлік миссиям» деп шаттана жазды.
Сұлтанбек Раев – Қырғызстанда екі рет елімізде мәдениет министрі болған адам. Жаңа Бас хатшы орынтағында тарихи ескерткіштер мен ЮНЕСКО-ға енгізілген мәдени мұралар бойынша жұмыстарды қолға алып жатыр.
Сұлтанбек Әкімұлы – сонымен қатар, танымал жазушы-драматург.
Белгілі ғалым Ербол Ердембекұлы Ахмет Байтұрсынұлының биыл ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан 150 жылдығы аясында бірқатар шараларды талқылап, болашақта тіл саласында, рухани мәселелер бойынша ой бөлісті.
Шалқар ойға шабыт берген бұл жүздесудің берері көп.
Comments (0)
Post a comment