ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

01.12.2022

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Ахмет Байтұрсынұлы және өркениет» жинағы жарық көрді. Мұнда ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған Париж, Ыстамбұл қалаларында өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференциялардың және Түркістан қаласында ұйымдастырылған Халықаралық түркітанушылар конгресінің материалдары жарияланған.

Жинақ Қазақстан Республикасы Білім академиясының корреспондент-мүшесі, белгілі ғалым Ербол Тілешовтің «Ұлт өркениеті және реформатор тұлға» атты алғысөзімен ашылған.

«Алаш көсемінің, ұлт ұстазының және қазақ ғылымының негізін салушының мол мұрасын және қайраткерлігін әр қырынан қарап зерделеген еңбектермен танысу барысында қадірменді оқырман қауымның Ахмет Байтұрсынұлы, Алаш қозғалысы және жалпы қазақ, түркі руханияты жөнінде соны ойларға, тың тұжырымдарға кенелетініне шүбәсіз үлкен сенім артамыз»,– деп жазады автор.

Жинаққа Орталықтың ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Айтованың «Ахмет Байтұрсынұлы грамматикасындағы тура объектілік қатынас» мақаласы енген.

Жинақ ғалымдарға, мұғалімдерге, білім алушыларға және ұлт руханияты қызықтыратын жалпы көпшілік қауымға арналған.

Comments (0)
Post a comment