Көп оқылғандар
-
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ2023 жылғы 5 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін атқарушы Л.Есбосынның төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғам жұмысын жоспарлап үйлестіруде бұл органның орны ерекше. Бас қосуда ағымдағы жылдың алғашқы тоқсаны бойынша атқарылған жұмыс барысы қорытындыланып, алда тұрған міндеттер тиянақталды. Қабылданған шешімге сүйенсек, мемлекеттік тіл маңайында бірқатар маңызды шаруалар мен шаралар жүзеге асырылмақшы.
-
ТОЛСТОЙДЫҢ ӘРУАҒЫН АУНАТҚАН ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ (А.Байтұрсынұлы оқулығындағы «Күн» атты шығарманың сыры)Қазақ әдебиетінде Шетелдердің классикалық туындыларын аудару тарихы тым арыдан бастау алады. Араб-парсы әдеби, діни көркем шығармаларының неше ғасыр бойы жырланып, ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылғаны, Алтын Орданың қазыналы әдеби мұраларының көптігі осыған дәлел болса керек. Абай, Ыбырай, Шоқандардың аудармалары да қазақ аударма әдебиеті тұрғысынан алар орны ерекше. Ал, ХХ ғасырдың басындағы Әлихан, Ахмет, Міржақып бастаған ұлт көшбасшыларының шетелдің заманауи әдебиеттерін аударуындағы сара жолдары мен салған іздері кісіні тамсандырмай қоймайды.
-
ТІРЛІКТЕГІ ТЫМ МАҢЫЗДЫ СӨЗДЕРДІ ДЕ АҒАТ АЙТЫП ЖҮРМІЗБұл жазбаны жариялауға өткен жылы «Қазақ» газетінен табылған А.Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының жұбайларымен бірге жазған шағын көңіл айту хатындағы сөз қолданыс түрткі болды. Шын мәнінде күнделік тұрмыста қолданылатын сөздерді ғана емес, адам өмірі үшін аса маңызды болып табылатын кейбір атауларды ағат айтып жүрміз. Бүгінгі жазбамыз халықтың діни ұғымына тіке байланысты аса маңызды тілек сөздің бұрыстығы туралы болмақ.
-
Алаш зиялыларының тіл туралы көзқарастарыҚазіргі біздің қолданыстағы қазақ терминологиясы өз бастауын сонау Алаш кезеңінен алады. Ол өзінің қалыптасуында бірнеше кезеңдерден және өзгерістерден өтті. Алғашында, қазақ халқы Ресей үкіметінің қол астында болған уақытта, қазақ тілінің және қазақ терминологиясының дамуына мүмкіндік болмады. Мектептер орыс тілінде оқытылып, оқулықтар, газеттер, журналдар тек қана орыс тілінде жазылды. Алайда, 1905 жылғы революциядан кейін, қазақ тіліне рұқсат етіліп, алғаш журналдар мен газеттер шыға бастады. Осы орайды пайдаланып, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары қазақ терминологиясының негізін қалады.
-
МАҚАЛА ЖАЗ ДА, ҚАЛАМАҚЫ АЛ!ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл және қоғам» электрондық алманағы мен «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетеніне мақала жазған авторларға қаламақы төлеп келеді. Бұл, бір жағынан, күрмеуі күрделі мемлекеттік тілдің түйткілді мәселелеріне қалам тартқан авторларды қолдауды көздесе, екіншіден, аталмыш басылымдарға сапалы туынды жариялауға жол ашады.
-
АХАҢ ТАҢДАМАЛЫСЫ – БАЛА АХМЕТТЕКөзі қарақты оқырман ұмыта қоймаған шығар, мұның аз-ақ алдында Орталығымызға Моңғолияның астанасынан қазақ тілінің оқытушысы Харий Сандуғаш келіп, Ахмет есімді ұлының бар екенін естіген соң, ұлт ұстазының төрт тілде жарық көрген Таңдамалысы естелік сыйға тартылғанын суретімен қоса жариялағанбыз. Жақында тамаша тартуды жас өскінге табыстағаны туралы хабар алдық.
-
Қазақ тілін оқытуда біртұтас жүйе керекҚазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің мынандай бір анықтамасы бар: Мемлекеттік тіл мемлекеттің тұтас аумағында, мемлекеттік тілі екеу болған жағдайда белгілі бір аймағында заңдық мәртебесі мемлекеттегі басқа тілдерден ең жоғары бекітілген тіл. Мемлекеттің тұтас аумағында мемлекеттегі басқа тілдерден заңдық мәртебесі ең жоғары тұратын тіл дегендегі тұтас аумақ тіркесі қазақ тілінің өмір сүру кеңістігі, тіршілік етуінің заңды ортасы дегенді білдіреді. Бізде мемлекеттік тіл біреу – қазақ тілі. Яғни ол белгілі аймақта ғана емес, Қазақстан Республикасының тұтас аумағында еркін тыныстауы қажет. Оған үкіметтің жүргізетін тіл саясаты барлық жағдайды жасауға тиіс. Билік өзінің барлық құралдарын қосып (мемлекеттік тілді насихаттау, оған қорған болу, заңдық мәртебесін арттыру және т.б.) қазақ тілінің өзіне тиесілі аумақта еркін жайылуы-на кедергі келтіретін басқа (мәселен, орыс тілінің) тілдің қолданылуын барынша шектеуі керек. Ал бізде тіл саясаты босаң.
-
ҚАЗЫЛАР ҚҰРАМЫНДА БОЛДЫ2023 жылғы 27-28 наурыз күндері Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Ж.Искакова M.Narikbaev Universiteti (KAZGUU) «Қазақ тілін креативті оқыту орталығы» мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдістемесі» республикалық байқауының қазылар құрамында болып қайтты.
-
Ербол Тілешов ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалдыҚР ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ербол Ердембекұлы Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
-
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР «НАУРЫЗ – ДУМАН» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫАна тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тілі. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
-
Ұлы күннің оралуы. Наурыз қазақпен қалай қауышты?Наурыз – көктемнің алғашқы айы. Айналадағы ағаштар бүршік атып, жасыл желекке бөленер шақ. Әсіресе, наурыз айында оңтүстік өңірде жылғалардан су ағып, қоршаған орта түрлене бастайды. Айнала әсем күйге енеді. Адамдар шат-шадыман күй кешеді. Ал наурызды атап өтудің өз ерекшелігі мен тұжырымдамасы бар.
-
ТЕГІҢДІ ТҮЗЕУ – ТІЛІҢЕ ҚҰРМЕТӘріптесіміз, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Қожаққызы өзінің ата-тегін ана тіліміздің жазылу ерекшелігіне сай түзетті. Жалпы құжаттағы ата-тегін қазақшалау – тектіліктің белгісі. Мемлекет өз тарапынан заңдық-құқықтық негіз жасап берді. Қалған шаруа ел азаматтарының өзіне байланысты.
-
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ2023 жылғы 15 наурыз күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы Ж.Искакова Астана қаласы әкімдігінің «астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім алушылар арасында өткен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиадасына қатысты.
-
ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНУДА2023 жылғы 14 наурыз күні Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама жобасын талқылау жөнінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының тілші ғалымдары, тіл жанашырларымен өткен кездесуге қатысып, Жоба туралы жан-жақты баяндады.
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ: ТАНЫМ МЕН ТҰЖЫРЫМНаурыз – жаңа күннің бастауы. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы. Сонымен бірге түркілік таным бойынша 12 жылдық мүшелдік цикл басталатын күн Наурыз мейрамына сәйкес келеді. Әлі күнге бұл дәстүрлі мереке елдің бір бөлігінде наурыздық Амалдың келуімен бірге мүшелдік жыл басы түрінде тойланып келеді.
-
ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ӨТТІ2023 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай институты» бағдарламасы аясында шетелдегі қазақтарға арналып жарық көрген «Қазақ тілі» (В1-В2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесер рәсімін өткізді.