Көп оқылғандар
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» (В1-В2 деңгейлері) ӘМБЕБАП ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 09 наурызда онлайн режімде (ZOOM платформасында) Астана уақытымен сағат 15:00-де «Қазақ тілі» (В1-В2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесерін өткізеді.
-
ДАУЫСТЫ МӘТІНГЕ АЙНАЛДЫРАТЫН ТЕХНОЛОГИЯҚазір сан түрлі ақпараттан көз сүрінеді. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін ажырату да қиын. Әйтеуір солардың арасынан құмнан алтын сүзгендей жылт ете қалған жағымды жаңалыққа елең ете қаласың. Бір ай бұрын Nazarbayev University-індегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары (NU ISSAI) түркі тілдеріндегі сөйлемдерді танитын технология әзірлегенін жазып, оқырман қауымнан сүйінші сұраған едік. Бұл жолы ғылым ордасына арнайы барып, технологияны жасаған мамандармен тілдесуді жөн көрдік.
-
АЛАШТЫҢ АРДА ҰЛЫАхмет Байтұрсынұлы музей-үйі «Ахметтану» орталығында тарихи тұлға Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Алаштың арда ұлы – Темірбек Жүргенов» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының доценті, жүргеновтанушы ғалым Айгүл Садықова мен Г.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті, жүргеновтанушы ғалым Алмажан Өтеғалиева арнайы шақырылды. Жүздесуде музей қызметкерлері, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей-мектептің мұғалімдері және оқушылар қатысты.
-
БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІБүгін – Алғыс айту күні. Жер-Ананың бусанар айының алғашқы күнімен ілесе келетін бұл мерекенің орны айрықша. Адамның ізгі ілтипатына құрылған Алғыс айту күні айналамызға мейіріммен қарап, бір сәт рахмет айтсақ, бойымыз жеңілденіп қалмай ма?! Ана тіліміздің жанашыры болып, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолында үлес қосып жүрген барша жанашыр отандастарымызға, қандастарымызға Алғыс айтамыз!
-
СӨЗ КИЕСІН АСЫРҒАН КЕШТІ ТАМАШАЛАДЫ2023 жылғы 28 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов өзінің ерекше терең ізденістерімен қазақ әдебиетіне жаңа леп әкелген талантты ақын Светқали Нұржанның шығармашылық кешіне ұжым мүшелерін бастап барды.
-
МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДА ҚЫЗУ ЖҰМЫС БАСТАЛДЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Қазмедиа орталығының басқарушы компаниясы» ЖШС-нің өзара екіжақты меморандумға отырғанына бар болғаны екі аптаның жүзі ғана болды. Соған қарамастан екі тараптың мүддесіне орай жоспарланған жұмыстар қазірдің өзінде қызу басталып жатыр.
-
БЕЙБАРЫС АТЫ – АСТАНА КӨШЕСІНДЕ2023 жылғы 24 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, Астана қалалық ономастика комиссиясының мүшесі Е.Тілешов әлемге танымал қолбасшы, сұңғыла саясаткер Бейбарыс есімінің Астана қаласы көшесінің біріне берілуімен байланысты салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
-
АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ2023 жылғы 23 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты ісі – ұлтқа тағылым» атты аймақтық конференция жұмысына онлайн режімде қатысып, баяндама жасады.
-
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕГІ ЕМЛЕ, АУДАРМА ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР1912 жылдан Ахмет Байтұрсынұлының араб алфавитін негізге алып жасаған жаңа жазуы (ол «жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла бастады. Ұлы ағартушы араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасы ескі араб жазуының кемшіліктерінен адаланған әрі қазақ тілінің табиғатына жақын, барынша ғылыми негізде жасалған болатын.
-
ТІЛ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Әділбекқызы тәжірибелі де білікті маман ретінде қазақ тілін үйретумен айналысып келеді келеді. Төмендегі бейнебаяннан Ядролық физика институты (ЯФИ) қызметкерлеріне сабақ беру сәтіне куә боласыздар.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ2023 жылғы 21-22 ақпан күндері Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумына қатысты.
-
ТІЛ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНУДЕҚазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы Алматы қаласында өтті. Жиынның басты мақсаты: Тұжырымдама жобасын қоғаммен, ғалымдармен талқылап, мүдделі мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен келісу. Жиынға қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Г. Ходжабергенова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО бас директоры Е. Тлешов Тұжырымдаманың негізгі идеясымен, құрылымы және бағыттарымен таныстырды.
-
ҚАЗАҚША МӘТІНДІ ТЕЛЕГРАМ БОТ АРҚЫЛЫ ДЫБЫСТАЙ АЛАСЫЗҚұрметті оқырман! Сіздерге айтар керемет жаңалығымыз бар. Енді қазақша мәтінді телеграм бот арқылы дыбыстай аласыз. Microsoft Azure сервисі қазақ тілінде мәтінді екі дауыста [ер жігіттің, қыздың] дыбыстау функциясын әзірлеген болатын. Azure Cognitive Services Speech-to-Text бағдарламасындағы жинақталған қор алынып, телеграм ботпен біріктірілді. @kztts_bot осы телеграм ботқа кіріп, көрсетілген сілтемені енгізіп, Дәулет пен Айгүлдің көмегімен мәтініңізді қазақша дыбыстай аласыз. 🔸Ол үшін /start дегенді басып, қыздың не ер жігіттің даусын таңдап, мәтініңізді сол жерге жазсаңыз болғаны.
-
БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы 30-шы сессиясының шешімімен 1999 жылғы 17 қарашада бұл күнді бір ауыздан бекітті. Бұл тарихи оқиғаны шығыс Пәкістанның (1971 жылдан бастап Бангладеш) Дакка қаласында 1952 жылдың 21 ақпанында болған шерумен байланыстыруға әбден болады. Олай дейтініміз, өздерінің ана тілі – бенгал тілін қорғау үшін елдегі ресми мемлекеттік тілдің бірі ретінде тануын талап еткен пәкістандық студенттерге қатаң жаза қолданылған. Сол қанды оқиғаны еске алу күні ретінде Бангладеште әлі күнге дейін аталып өтіледі.