Көп оқылғандар
-
«ҰЛТТЫҚ СИПАТТАҒЫ БИЗНЕС ТЕРМИНДЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІБүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық онлайн байқауының үшінші кезеңі онлайн форматта өтті. Байқаудың бұл кезеңі «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталып, қатысушылар өлкенің берекесін келтіріп, ырысын арттыру, кәсіптің көзін ашу, әлемдік және қазақы бренд қалыптастыру, заманауи бизнес жетістіктеріне қатысты тақырыптар аясында онлайн режимде Jamboard онлайн тақтасында эссе жазды. Жазылған эсселер PDF форматында сақталып, қазылар алқасына жіберілді.
-
МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ2022 жылғы 22 қазан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов ұжымды Мемлекет басшысының Жарлығымен ұзақ жылдардан кейінгі үзілістен соң, алғаш рет атап өтіліп жатқан ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтады.
-
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ 4472 ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫДЫҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаның айтуынша соңғы жылдары қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс артқан. Тіл үйренуге деген сұраныстың жоғарылауын қазақ тілін үйрететін жекеменшік орталықтар мен курстар санының артқанынан байқауға болады. Республика аумағындағы Мемлекеттік тіл оқыту орталықтары да мыңдаған азаматтардың қазақ тілін тегін үйренуіне жағдай жасап отыр.
-
АҚИҚАТТЫҢ АЛДАСПАНЫ, НАМЫСТЫҢ НАРКЕСКЕНІ2022 жылғы 20 қазан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов ұлы жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты.
-
ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ ЗЕЙНЕП БАЗАРБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ ЖАРЫҚ КӨРДІАхмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Фонетика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Зейнеп Мүслімқызы Базарбаеваның 70 жас мерейтойы қарсаңында «Интонология», «Қазақ фонологиясының негіздері», «Казахская интонация», «Типологическое исследование интонации вводных единиц» және «Тұлғалар» атты ғылыми еңбектері жарық көрді, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ҚҰЛШЫНЫС АРТТЫCоңғы жылдары қазақ тілін үйренуге деген құлшыныстың арта түскені байқалады. Әрине, оның басты себебі қазақ халқы санының өскендігі. Қазақша ойлайтын, қазақша түс көретін, ана тілінде сөйлеп, жазатын азаматтар қатары өскен сайын тілге деген сұраныс та, талап та арта түсері анық. Бұдан бөлек, бүгінгі күнде қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы жоғары өзге ұлт өкілдерінің қатары да күн санап өсіп келеді.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҮРКІТАНУ2022 жылдың 13 қазаны күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінде өткен осы республикалық дөңгелек үстелге қатысты.
-
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ2022 жылғы 14 қазан күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған медицина саласындағы өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауының жеңімпаздары қасиетті Қарағанды жерінде анықталды.
-
«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ2022 жылғы 14 қазан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды онлайн марапаттау рәсімін өткізді.
-
МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАСАДЫҰлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен ұйымдастырылып жатқан «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының жеңімпаздары қасиетті Қарағанды жерінде анықталады.
-
АХАҢНЫҢ «ТӨТЕ ЖАЗУЫН» ҚОЛДАҒАН ШӘКІРТТЕР немесе «Қос жүре түзеледі»Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылы «Төте жазуды» барлыққа келтіргеннен кейін, сол жылдан бастап өзінің «Оқу құралы (қазақша әліпбе)» атты оқулығында қолданысқа енгізіп, өзінің ұлы жаңалығын алқалы топтың талқысына салғаны белгілі. Келесі жылы (1913) жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығара бастағанда-ақ, газетте ұлттық ағарту бағытындағы ғаламдық жаңалықтарды, саяси тұжырымдарды, ғылыми-әдеби сараптамаларды жиі жариялап, қоламталы тақырыпқа өздері бастап, ел болып қостап кірісіп кеткен еді. Ахаңның осы қатарда жұрт талқысына өзінің төте жазуы және жазудың емлесін ұсынған. «Қазақ» пен «Айқапта» бұл тұста аталған жазу мен емлені қолдағандар, қорғағандар және дәлелсіз қарсы тұрғандар, кем-кетігін ғылыми тұрғыда саралап көріп, ғалымға аталған әліппені жетілдіре түсуді айтқандар да болды.
-
АХАҢНЫҢ "КҮН-БАҚПАСЫ» НЕ НӘРСЕ?Ахаң – А. Байтұрсынұлының керемет кітаптарының бірі – «Әліпби. Жаңа құрал» атты оқулығы. Аталған оқулықтың тұлабойы тұнған асыл. Ұлт ұстазының «Оқу құралы» (қазақша әліппе) атты оқулығы мен «Әліпби. Жаңа құрал» атты екі оқулығы әдістемелік, мазмұндық, формалық, т.б. жағынан мүлде басқаша екі дүние деуге болады. Осыған дейін ғалымдар екі оқулықты бір-бірімен айырмасы аз әліппелердің қатарына жатқызып келді. Шын мәнінде ол қате түсінікке бастайтын көзқарас. Ол туралы біздің келесі уақыттарда жұртпен жүздесетін мақалаларымыздан оқи аласыздар.
-
МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ2022 жылғы 7 қазан күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы үміткерлерімен онлайн кездесу өткізді.
-
ӘЛЕМ РУХАНИЯТЫНА ТАРТЫЛҒАН СЫЙБұдан бұрын хабарлағанымыздай, ЮНЕСКО аясында Париж қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ РЕНЕССАНСТЫҚ ӨРКЕНИЕТ» ғылыми конференциясында «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» (қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде) кітабының тұсауы кесілді. Осы еңбектерді дайындау барысы туралы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Нұруллақызы Айтова ой бөліседі. Жарияланым автордың әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды.
-
АКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ДАЙЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ2022 жылдың 3 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясын қорытындылау жөніндегі жұмыс тобы дүркін-дүркін отырысын өткізіп жатыр. Байқау барысында үміткерлер ұлт ұстазының бір шығармасын мәнерлеп жатқа оқуы тиіс болатын.
-
ПЕРВЫЙ КЛУБ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА – «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЛУБЫ»В городе Актау, Мангистауской области, с апреля текущего года стартовал проект украинского этнокультурного объединения имени Т.Г. Шевченко - Первый клуб казахского языка "Қазақ тілінің алғашқы клубы". Председатель, Оксана Юрьевна Белоножкина и молодёжное крыло объединения организовали образовательную площадку для изучения государственного языка всем желающим.