Көп оқылғандар
-
Биыл «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының үшінші томы жарыққа шығадыБиыл «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының үшінші томы жарыққа шығады. Бұл жөнінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтылды. Кезекті жинаққа Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Жамбыл өңірлеріндегі көне ескерткіштер енгізілді. Жалпы жобаның аясында бес томдық энциклопедия құрастыру жоспарланған. Игі бастама нәтижесінде жалпыұлттық рухани мекендердің тізімі де еселеніп, толыға түсті.
-
БАҚ және баспа қызметкерлеріне арналған семинар өттіБүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында жаңа әліпби емлесін түсіндіру бойынша БАҚ және баспа қызметкерлеріне семинар ұйымдастырды.
-
Осман сұлтандары мен Қазақ хандары арасындағы хаттар енді қазақстандық ғалымдарға қолжетімдіОсман сұлтандары мен Қазақ хандарының арасындағы хаттар еліміздің ғалымдарына қолжетімді бола түсті. Алматыда Түркия Республикасы «YERTAD» тарих және мәдениет қауымдастығының өкілдері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивіне осы құнды жазбалардың цифрлық көшірмесін табыстады. Әзірге осман тілінде жазылған хаттардың дипломатиялық қарым-қатынас, сыйлық алмасу, елші жіберу туралы екені ғана белгілі. Ал оның нақты мазмұны, саяси рөлі түркітанушылар құжатты қазақ тіліне аударған соң анықталады.
-
Қ. Тоқаев: Қазақ тілі – ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керекҚазақ тілі – ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда көтерген тағы бір өзекті мәселесі – қазақ тілінің мәртебесі болды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек деді, Президент. Филолог ғалым Ерден Қажыбектің егер қазақстандықтар бір-бірімен мемлекеттік тілде сөйлесіп, оны барлық салада қолданса, қазақ тілі халықаралық деңгейге көтеріле алатындығына сенімді.
-
Заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы Лондонда таныстырылдыТәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Британия кітапханасында ағылшын тіліне аударылған заманауи қазақ әдебиеті антологиясының тұсаукесері өтті. Жинақ Кэмбридж университетінің баспасында тәржімаланып, басып шығарылды. Жобаға көркем аударма саласындағы британиялық тәжірибелі мамандар тартылды.
-
«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинар өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 3 қазаны күні Алматы қаласында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбындағы жаңа әліпби емелесін түсіндіру бойынша БАҚ және баспа қызметкерлеріне семинар ұйымдастырады.
-
Жаңа емлені бекіту:мүдделі органдардың маңызы мен міндеттері атты семинар өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 4 қазанында Алматы қаласында «Жаңа емлені бекіту:маңызы мен мүдделі органдардың міндеттері» атты қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың (бұдан әрі – Орфографиялық топ) отырысын өткізеді.
-
Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері нақтыланады2019 жылғы 27 қыркүйек Алматы қаласы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» республикалық әдістемелік семинар өткізді.
-
«БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» әдістемелік онлайн-семинарҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 25 қыркүйекте «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізеді.
-
Алматыда семинар-кеңес өттіАлматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес (бұдан әрі – Семинар-кеңес) өткізді.
-
Салалық терминдерге байланысты онлайн-конференция өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 20 қыркүйекте termincom.kz сайтындағы электрондық алаңда онлайн-конференция өткізіп, «Салалық терминологиядағы шеттілдік сөздердің қолданысы» тақырыбы талқыланады.
-
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніБиыл екінші рет Тіл мерекесін 5 қыркүйекте тойлап отырмыз. Атаулы датаның бұл күнге ауыстырылуының да өзіндік себебі бар. 5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп тіл жанашыры қазақ әліпбиінің атасына айналған Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар Тіл мерекесін қазақ халқының біртуар азаматының туған күнінде тойлайтын болады.
-
«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» қазақ поэзиясының антологиясы жарық көрді«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары». Еліміздің бас қаласында қазақ поэзиясының антологиясының тұсауы кесілді. Жинаққа Мағжан Жұмабаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, Ілияс Жансүгіровтың, Олжас Сүлейменовтың және басқа да белгілі қазақ авторларының танымал шығармалары енген. Тиражы шамамен 1000 дананы құрайтын туынды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрді.