«Balatili.kz» сайты бүлдіршіндеріміздің оқып, жазып, тіл үйренулеріне бағытталған. Мұнда балаларға арналған қызықты тапсырмалар мен қазақ тіліндегі отандық анимациялық фильмдер орналастырылған.
Tilqural.kz – мемлекеттік тілді деңгейлеп үйренуге арналған веб-сервис. Сайтта А1 деңгейі бойынша жаңа әліпби мен емле ережелерін жазу, оқуды меңгертуге арналған онлайн курс орналастырылған.
Qazlatyn.kz – мәтіндерді кирилден латынға және төте жазуға онлайн түрде сәйкестендіретін көпфункционалды конвертер және Қазақстандағы латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал. Конвертер бағдарламасының Windows-қа арналған offline-нұсқасын, MS Office пакетіне арналған қосымшаларды, плагиндерді және Android, iOS платформаларына арналған мобильді қосымшаларын жүктеп алуға болады.
«Til-Qazyna» республикалық ақпараттық-танымдық газеті
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюінде ғаламтор арқылы тілді насихаттаудың маңызы аса зор. Еліміздегі осы бағыттағы алғашқы жоба - "Тіл әлемі" порталы осындай өзекті мәселені шешуге арналып, тіл саясатын көпшілікке насихаттауға және таныстыруға үлесін қосады.
«Emle.kz» электрондық базасы қазақ тілінің орфографиясына арналған. Бұл базада қазақ тілінің қолданыстағы бекітілген орфографиялық сөздігі, орфографиялық ережелер, осы салаға байланысты ғылыми әдебиеттер берілген.
Ономастикалық электрондық базаны ашудың негізгі мақсаты - еліміздің өңірлеріндегі көше, елдімекен, мекемелер мен түрлі нысандарға берілген атауларды жинақтап, қазақ ономастикасының біртұтас жүйесін жасау арқылы ономастикалық атауларды біріздендіру.
"Termincom.kz" сайты - қазақ терминологиясын жүйелеуге, терминологиялық қорды толықтыруға, терминдерді және атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеуге үлес қосады. Осы мақсатты орындау үшін сайтта осы уақытқа дейін терминдердің барлығы қамтылған.